«Жайықжылуқуат» АҚ мобильді тобының пайдаланылған жылу энергиясы үшін ақша жинау жұмысының бесінші аптасы аяқталды. 2019 жылдың 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында 11630 пәтерде болды, көшпелі кассада 6 097 305 теңге жиналды.
Осындай жұмыс барысында «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлері жылу мен ыстық су үшін төлемеудің салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр, сонымен қатар берешектері болған жағдайда тұтынушыларға кепілдік міндеттемені толтыру мүмкіндігін береді. «Жайықжылуқуат» АҚ барлық абоненттерге жылу үшін берешектерін жинамай, уақытында төлеуді сұрайды.