Зачаган кентін аралау барысында қала әкімі Мұрат Мұқаев "Сарытау" шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген жол салу мəселесі талқыланды. Биыл "Сарытау" шағын ауданындағы бірінші этапқа жəне жобаға сай 7 көшеге жол салу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, Айтқұлов, Ақын сара, Шайхиев, Қабдолов, Мөңкеұлы, Сұлтан Бейбарыс (Ақын сара көшесінен Мөңкеұлы көшесіне дейінгі аралық) жəне Күлтегін көшелері. Болашақта аталған көшелермен автобус маршрутын жүргізу жоспарланған. Қалған көшелер екінші этапқа сай алдағы жылдар жасалатын болады. Сонымен қатар, "Сарытау" шағын ауданындағы мектеп маңынан көпбейінді спорттық алаң салу жоспарланып отыр.