Өңірімізде әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында бірқатар шаруалар жүзеге асуда. Мәселен, жастарға арналған – «Zhas Project» жобасы. 2017-2020 жылдарға арналған жастар корпусын дамыту жобасы – халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы.

Жастарды қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту – ең негізгі мақсат.

Биылғы жылы жобаны іске асыру облыстары – Ақмола, Атырау , Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Астана мен Алматы қалалары. Қатысушылар жобаны іске асыру облыстары аумағында тұратын, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар болуы шарт. Бұл жобаның тиімділігі – идеясы мол жастарға қаржылай демеушілік жасап, жеңімпаздарға 1000000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді.

БҚО - ның аймақтық үйлестірушісі Оралбек Жандауовтың берген мәліметіне сүйенсек, өңірден тапсырған 771 жобаның 221-і үш кезеңдік байқаудан өтіп грантты ұтып алған. Жоба жеңімпаздарының тінін тарқтатсақ, Орал қаласынан - 54. Ал аудандардан, айталық Бәйтерек -10, Ақжайық -30, Бөрлі - 3, Жаңақала - 20, Жәнібек - 10, Қазталов - 17, Сырым-9, Тасқала - 2, Теректі-15, Бөкейорда -28, Шыңғырлау - 6, Қаратөбе -17.

 

Самал ЖАМЕТ,

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі - #regrann