31.10.2017

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 

КонкурсҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікқызметістеріжәнесыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігіТөрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығыменбекітілген «Б» корпусыныңмемлекеттiкәкiмшiлiклауазымынаорналасуғаконкурсөткiзуқағидалары (бұданәрі – Қағида), негізіндежүргізіледі.

 

E-R-4 санаты бойынша: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:

Санаты           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                              min                max

    E-R-4           73 287                    99 105   

 

Орал қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы Достык-Дружба даңғылы 182/1, құжаттарды қабылдау мекенжайы: Орал қаласы Достык-Дружба даңғылы 182/1, пошта мекенжайы: Орал қаласы Достык-Дружба даңғылы 182/1, анықтама телефоны: 87112 50 34 59, факс: 87112 50 34 59, құжаттарды қабылдау үшін электрондық мекенжайы oks.uralsk00@mail.ru

 

1. Лауазым туралы мәлімет: өндірістік-техникалық секторнің бас маманы, E-R-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жобаларды және ағымдағы күрделі құрылыстың жоспарларын дайындау, күрделі құрылыс және өндірістік нысаналарды қайта құрылымдау жоспарларын орындау, орындалған жұмыстардың сапасы мен мерзіміне қадағалауды жүзеге асыру, күрделі құрылыс нысандарының жұмысын мерзімінде іске қосуды бақылау, жобалау ұйымдармен, бас мердігерлермен шарттарды жасауға қатысу. Тапсырысшы тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірісіне қадағалауды орындау. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен салынатын нысандар бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу. Бөліммен жетекшілік ететін нысандарды жобалау, салу және  қайта құруға  мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін техникалық ерекшеліктер мен тапсырмаларды дайындау. Жинақтаушы ведомость пен сметалық құжаттамалармен салыстыру арқылы техникалық қадағалаумен расталған есеп мерзімінде орындалған жұмыстарының актілерін тексеру (тұрғын үй, инженерлік желілер: газ құбыры, су құбыры, кәріз, электр желісі, телефон желісі, жылу жүйесі нысандары және абаттандыру жұмыстары бойынша), (№ 2 форма). Құрылысы аяқталған нысандарды мемлекеттік теңгерімге беру үшін қажетті құжаттамаларды дайындау және тапсыру. Нысандарда мемлекеттік қадағалау органдарымен жүргізілетін бірлескен тексерістерге және бақылау өлшеу жұмыстарына қатысу. Бөлім бойынша нысандар құрылысы туралы қажет есепті, ақпаратты, анықтамаларды уақытылы ұсыну.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (мұнай- газ ісі, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру, көлік құрылысы), «Ауылшаруашылық ғылымдары» (су ресурстары және суды қолдану) мамандықтары бойынша жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Құзыреттер бойынша талаптар: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

 Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

 

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Орал қаласының құрылыс бөлімінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына  

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы 

__________________________

__________________________

__________________________

(мемлекеттік орган)  

 

Өтініш

      Мені___________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________

_________________________________________________________________

________                               ______________________________

  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.