Корпус "Б" бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы (осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы) хабарландыру

11.10.2017

Корпус "Б" бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы (осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы) хабарландыру

«Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ: 090000, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1- үй, 2-қабат, 14-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 506485, факс 8-(7112) 512899, электрондық адресі: optad@mail.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушы көлігі секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты /№1-9 0-11-1/ лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 96607,22 теңгеден 129920,05 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім.

«Техникалық ғылымдар және технология»-Машина жасау, көліктік құрылыс, технологиялық машиналар және құрал-жабдықтар /салалар бойынша/, көлік, көліктік техника және технологиямамандықтарыбойынша жоғары білім.

«Қызметтер» -тасымал, қозғалыс және көлікті пайдалануды ұйымдастыру мамандықтары бойынша жоғары білім.

«Әлеуметтік ғылымдар және бизнес»-экономика, есеп және аудит, қаржымамандықтары бойынша жоғары білім.

«Құқық» -құқықтану мамандықтары бойынша жоғары білім.

«Білім беру» - жалпы техникалық пәндер еңбек және физика мамандары бойыншы.

 

Функционалдық міндеттері:

Секторының жұмысын ұйымдастыру және басқару. Тұрғындарға жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуді жақсартуға қатысты кешенді жұмыстарды ұйымдастыру және басқару, Жолаушы көліктерін қолданудың тиімділігін арттыру  шараларын ұйымдастыру.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқада міндетті білімдер. 

 

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

          1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

          2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

  Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.


     Құжаттарды қабылдау мерзiмi:

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін 3 жұмыс күні).


          Әңгімелесудің өту мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әнгімелесуге жіберелген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1, 2- қабат,14 кабинет мекен жайына өтеді.

Конкурс комиссиясы отырысына байқаушылар шақырылады. Бірінші басшымен келісім бойынша конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

0304