Орал қаласы әкімі аппараты

03.11.2017

Орал қаласы әкімі аппараты

Орал қаласы әкімінің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй, анықтама үшін телефон (факс): 8(7112) 51-26-33, факс 8(7112) 51-08-25, электрондық адресі: info@uralsk.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға Орал қаласы әкімі аппаратын мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас маманы («Е-4» санаты) (индексі  00-1.12-2).    

 

«Е-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77452 (min) теңгеден 104934 (max) теңгеге дейiн.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болган жағдайда орта білімнен кейінгі немесе кәсіптік білім.

Функционалдық міндеттері:

Ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингін жүргізу және  мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы  шаралар қабылдау. Мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну мәселелері бойынша ақпараттарды жинау, -талдау және тиісті мәліметтер енгізу. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есептерді дайындау. Қазақстан Республикасы Президентінің өкімдері, Жарлықтарының, Үкіметтің қаулыларының басшылық ететін бағыттары бойынша облыс және қала әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасау. Заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен арыз-шағымдарын қарау. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды, анықтамаларды дайындау. 

Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

           1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Орал қаласы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

   

 

 

   __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

       қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс    телефоны_______________________________________________ ________________________________________________________________________________

           

 

________                                          ____________________________________

(қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.