«Орал қаласының ветеринария бөлімі» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

24.10.2017

«Орал қаласының ветеринария бөлімі» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

090000, Орал қаласы, Мясокомбинат көшесі 7/1, 2 қабат, анықтама үшін телефондар: 8 (7112) 27-53-32, 8 (7112) 27-50-53, электрондық мекен-жайы: gorvetotdel@inbox.ru

1.   Бөлімнің бас маман-есепші  1 бірлік - тұрақты, E-R-4 санаты /№9-02/ лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288,23 теңгеден 99105,68 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика,есеп және аудит, қаржы, маркетинг) мамандықтары бойынша жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытыныа сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Функционалдық міндеттері:

-     1. Бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік бағдарламаларды білу, материалдық-қаржылық мәселені жоспарлау.

-     Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу.

-     Бас кітап жүргізу, зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру айналымын жүргізу.

-     1 С бухгалтерлік бағдарламасымен жұмыс жасау.

-     Баланс жүргізу.

-     Мемориалдық ордерлер жүргізу.

-     Жыл сайынғы қаржыландыру жоспарын айларға бөлу.

-     Активтерге түгендеу жүргізу.

-     Қалалық қаржы бөліміне шығын сметасының орындалуы туралы және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мониторингінің нәтижелері туралы айлық есеп тапсыру.

-     Салық комитетіне, статистика басқармасына, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөліміне тоқсандық, жылдық есеп тапсыру.

-     Бөлімінің кадр жұмысын атқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқада міндетті білімдер. 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізбесі:

       1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

       4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаға сәйкестігін тексереді. Азамат жұмыс істемеген немесе конкурс жарияланған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмеген жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жариялымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Электрондық пошта арқылы конкурсқа қатысуға құжат тапсырған азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын құжат тұпнұсқаларын тапсырады.

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек..

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Орал қаласының ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесіне өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ


ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОПУСА «Б»



_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тiлдерiн бiлуi/

Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызмет, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/ должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________                                                                                    _________________

Кандидаттың қолы/                                                                                                    күні/дата

Подпись кандидата