Орал қаласы әкімі аппаратының ережесі

«Орал  қаласы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ  

  1. «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі  - қала әкімінің аппараты)  жергілікті атқарушы органның және Орал қаласы әкімінің қызметін қамтамасыз етеді, қала әкімінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-аналитикалық, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз ететін мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Қала әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Презитенті Үкіметінің актілеріне, қала әкімі мен қала әкімдігінің  нормативтік құқықтық актілеріне, қала әкімі аппаратының жұмыс регламентіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Қала әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңба суретімен мөрі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
  4. «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналақан жерi: Қазақстан Республикасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1

 Қала әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы ережесі мен оның құрамы Орал қаласының әкімдігімен бекітіледі. 

1. Қала әкімі аппаратының қызметтері, негізгі міндеттері мен құқықтары ала әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі  функцияларды жүзеге асырады: 

  1. Қала әкімі аппаратының жұмыс  кестесін сақтауды қамтамасыз ету;
  2. Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту бойынша Президенттің саясатын өмірге біртіндеп енгізу, экономикалық реформаны жасау және оны жүзеге асырудың әдісі мен механизмін анықтау, қаланың, әлеуметтік-мәдени ортаның, ішкі саяси байланыстардың халық-шаруашылық кешенінің құрылуына және келешегіне талдау, сәйкес болжамдар жасау, маңызды мәселелерді айқындау және оны шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
  3. Мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеу, халықты әлеуметтік және құқықтық қорғаудың тиімді механизмін жасау;
  4. Қала әкімі шешімдері мен өкімдері жобасының сапалы дайындығы, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын бағдарламалар, тұжырымдамалар және болжамдар жобасы үшін атқарушы биліктің барлық денгейінен ақпаратты уақытында алу, осы құжаттарды өңдеу мен сараптауға қатысу;
  5. Қазақстан Республикасы заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс және қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету, олардың орындалуына, комитеттер мен бөлімдерге, басқа да ұйымдар мен жергілікті органдарға көмектесу;
  6. Қаланың  аймақаралық ішкі  саяси байланыстарын кеңейту мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дайындау, бұл байланыстардың іс жүзінде орындалу шараларын өңдеу және олардың орындалуын бақылау, көршілес облыстардың шекаралас аймақтарымен ынтымақтасу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  7. Қала әкімдігінің мәжілісінде қаралатын мәселелерді зерделеу және деректемелерді әзірлеу;
  8. әкімдік отырыстары мен қала әкімі және оның орынбасарлары өткізетін   басқа да іс-шараларды ақпараттық-аналитикалық, құқықтық ұйымдастыру және  материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  9. Қала әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызмет бабындағы құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымына талдау, іс жүргізуді жетілдіру, мемлекеттік, орыс және басқа тілдердің қызметін қамтамасыз ету;
  10. Бұқаралақ ақпарат құралдарында қала әкімі аппараты қызметін жариялау, олармен өзара әрекетін ұйымдастыру, Президент пен Үкіметтің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру;
  11. Қала әкімі тағайындаған лауазымдар қатарына кіретін кадрлардың сапалық құрамын және іс-әрекетіне талдау жүргізу;
  12. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен қарастырылған басқа  да функциялар.

 Қала әкімінің аппараты өз міндеттерін жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде құқылы: 

  1. Жергілікті атқару органдарынан, комитеттерден және басқармалардан қажетті ақпарат  алу, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмаларды беруге;
  2. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қала әкімі аппаратының құзырына қатысты мәселелер бойынша қажет ақпараттарды, құжаттарды, басқа да деректемелерді ауызша және жазбаша түсініктерді талап ету және алуға;
  3. Мемлекеттік органдар қарауындағы ақпараттық банктердің мәліметтерін пайдалануға;
  4. Қала әкімі аппараты жүргізетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен  қызмет бабында хат алмасуды жүргізуге;
  5. Перезидент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізу, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шараларды қабылдауға;
  6. Қала әкіміне оған қарасты басқармар мен  бөлімдерінің басшыларын қызметтен босату, сондай-ақ тәртіптік жауапқа тарту  жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
  7. Қала әкімдігінің отырыстарына, сондай-ақ басқармалар, комитеттер, кенттік округтер әкімдерінің мәжілістеріне қатысу;
  8. Қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша Орал қаласы әкімінің аппаратының, бөлімдердің, кенттік округтер қызметкерлерін, кәсіпорындар, мекеме және ұйымдар өкілдерін қала әкімі аппараты құзырына қатысты мәселелерді шешуге қатысуға жұмылдыру.

8. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік органдарға қажетті материалдарды, хабарларды ұсыну жөніндегі талаптары заңдармен белгіленген мерзімде орындалуы тиіс, егер тапсырмаларда басқа орындау мерзімі белгіленбесе.

Қала әкімінің аппаратын қала әкімі заңдармен қаралған тәртіп бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

Қала әкімі аппаратының басшысы келесі негізгі міндеттерді атқарады: 

  1. «Орал қаласы әкімінің аппараты» ММ-ің Ережесін әкімдікте бекітілуін ұсынады;
  2. қала әкіміне аппараттың штаттық кестесі бойынша және аппарат қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысына үстемақы жөнінде ұсыныстарды енгізеді;
  3. жалпы басшылықты және аппарат бөлімдері мен басқа да құрылымдардық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
  4. аппараттың  ішкі еңбек тәртіп ережелерін бекітеді;
  5. аппарат бойынша нұсқаулықты бекітеді;
  6. әкімдік отырыстарын өткізуде ұйымдастырушылық, құқықтық, кеңестік, материалдық-техникалық дайындықты қамтамасыз етеді;
  7. қала әкімінің нормативтік құқықтық актілер жобасына, әкімдік отырысының хаттамаларына қол қояды;
  8. қала әкімі мен әкімдігімен қабылдаған нормативтік құқықтық актілер жобасында туындаған келіспеушіліктерді жою үшін кеңес ұйымдастырады;
  9. әкімге қаулылар, шешімдер мен өкімдер жобасын қол қоюға ұсынады;

  10. қала әкімі аппаратын облыс әкімі аппаратымен, комитеттермен, басқармалармен, жергілікті  уәкілетті және атқарушы оргндармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықпен өзара  қарым-қатынасты  ұйымдастырады;
  11. Президент актілерінің, үкіметтік шешімдері мен қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының, оның орынбасарлары тапсырмаларының, әкімдік қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының, оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады, қала әкіміне олардың орындалу барысы жөнінде жүйелі түрде хабарлайды;
  12. қала әкіміне қалалық және жергілікті органдардың қызметін бағалау және олардың құрылымын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жеткізеді;
  13. қала әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет туралы заңдардың орындалуын бақылайды;
  14. әрекет етуші заңдарға сәйкес кадрлық саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қала әкімінің қарастыруына басшыларды және бөлімдердің жауапты қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату, оларды тәртіптік жауакершілікке тарту жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
  15. қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары жөніндегі ережелерді бекітеді;
  16. қала әкімі аппаратының құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
  17. заңнамамен қарастырылған басқа да міндеттерді орындайды.

11. Қала әкімі аппаратының басшысы құқылы: 

  1. бөлімдердің, мекемелердің, басқармалардың, комитеттердің, кенттік округ әкімдерінің әкімдік қарауына ұсынылған мәселелерді қайта жасау және келісу жөнінде нұсқаулар беруге;
  2. әкімдік қаулыларын дайындаудағы бөлімдердің, басқармалардың, комитеттердің, кенттік округтер әкімдерінің жұмыстарын үйлестіруге;
  3. бөлімдерден,басқармалардан,комитеттерден,ұйымдардан,кенттік округтерден тиісті материалдарды,Президенттің актілерінің,үкіметтік шешімдердің және облыс,қала әкімдері өкімдерінің орындалуы туралы ақпаратты  сұратуға  және  орындауға міндетті тапсырмалар беру;
  4. қала әкімнің,әкімдіктің және қала әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету бойынша ұйымдармен шарт жасасу;

12. Оның құрамы туралы қала әкімі аппаратына жүктелген функцияларын  орындау  үшін бөлімдер мен құрылымдық бөлімшелер құрылады.

13. Аппарат бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелер аталған Ережесі негізінде  әрекет етеді, сондай-ақ  аппарат басшысымен бекітілген бөлімдер туралы және басқа құрылымдық бөлімшелер ережелері.Әкімдік  жобаларын,қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеуге жауапты құзыретіне сәйкес бөлім мамандары немесе қала әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша әзірленеді.

14. Бөлім меңгерушілері,әкім көмекшісі,кеңесшісі мен басқа да құрылымдық  басшылар лауазымдары қала әкімімен заңнама белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

15. Бөлім меңгерушілері мен  басқа құрылымдық бөлімшелер  басшылары олардың бөлімдері мен бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді орындалуына жауапты,заңдарды,Президент актілерін, Үкімет Қаулыларын,әкімдік қаулыларын,облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің уақытында және толықтай орындалуына жауапты,қызметкерлерді тағайындау,ауыстыру және босатылғаны туралы ұсыныстарды енгізеді,қызметкерлердің арасында міндеттерді бөледі, еңбекті ғылыми  түрде ұйымдастыру және еңбек тәртібін қамтамасыз ету,сондай-ақ аппаратта бар нұсқауларға сәйкес іс жүргізуді дұрыс жүргізілуіне жауап береді.

16. Өз қызметтік  міндеттерін орындау кезінде жауапты қызметкерлер құқылы: 

  1. әкімдік  мәжілістеріне қатысуға,сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
  2. аппарат қызметі аясында туындаған мәселелерді қарастыруға қатысатын жергілікті атқарушы орган аппараты қызметкерлерін,кәсіпорын өкілдерін,ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерін тартуға және олардан заңдардың, Жарлықтар мен Үкіметтік шешімдердің  орындалуы бойынша тиісті ақпаратты,ұсыныстар мен қорытындыларды сұратуға;
  3. талаптарға жауап беретін нормативтік құжаттар жобаларын жетілдіруге қайтару туралы ұсыныстарды басшыларға белгіленген тәртіпте  ұсынуға;
  4. аппарат басшысының тапсырмасы бойынша қала әкімі аппараты құзыреті шегінде   өзге де тиісті өкілеттілікті жүзеге асыруға.

 Мыналар: 

  1. құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
  2. ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
  3. заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
  4. заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес, коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады. 

Барлық өзгерiстер мен толықтырулар Ережеге Орал қаласы әкімдігінің шешімі бойынша енгізіледі.

Қала әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Орал қаласы әкімдігінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

20. Қала әкімінің аппараты таратылған кезде кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкi Орал қаласы әкімдігінің шешіміне бойынша құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.