Мүлікті жария ету

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ

Мүлікті жария ету — табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі;

Заң 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде.

Жария етуге төменде аталған мүліктер жатады:

1. Ақша;

2. бағалы қағаздар;

3. заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

4. оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамсына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға рәсімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар)

Құжаттардың тізімі: 

  • өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
  • ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
  • жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады. 

6. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Мүлікті жария ету бойынша түскен өтініштерді комиссия 1 ай мерзімде қарап, шешім шығарады.

Азаматтарды қабылдау күн сайын Орал қаласы әкімдігі ғимаратының № 6 кабинетінде жүргізіледі. Мекенжайы: Достық даңғылы № 182\1 тел.500-789.

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТУДI БОЙЫНША СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР