Қаланың төлқұжаты

2017 жылдың 1 қантар Орал қаласының ТӨЛҚҰЖАТЫ

Орал – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өнеркәсіптік, тарихи және мәдени орталығы. Орал қаласы Каспий ойпатының солтүстік бөлігінде, сұлу жазық далада орналасқан. Ол Қазақстан Республикасы шегіндегі ұзындығы 1082 км.  болатын Орал өзені орташа ағысының оң жағалауында және Шаған өзенінің төменгі ағысының сол жағалауында   орналасқан.

Қаланың аумағы қала маңын қосқанда 700 км2 астам.

Халық саны – 288,4 мың адамды құрайды, соның ішінде 83 түрлі ұлт өкілдері бар.

Орал қаласы ежелден Азиядан Европаға және керісінше Европадан Азияға апаратын өзіне тән сауда қақпасы болды. Осы жерден Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтетін болған.

Өсімдік атаулы негізінен далада және орманды далада көптеп өседі.  Жануарлар дүниесі алуан түрлі, өзендерде балық мол. Климаты – шұғыл континентальды.

Қаланың аумағы қала маңын қосқанда 700 км2 астам.

Халық саны – 291 мың адамды құрайды, соның ішінде 83 түрлі ұлт өкілдері бар.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 10-1 шешіміне сәйкес, қалаға Желаев селолық округі, Зачаған кенті, Круглоозерный кенті қарайды.

 Орал қаласының Астана қаласына дейінгі қашықтығы – 1747 км.