Орал қаласының құрметті азаматтары

Митрохина (Савченко) Алевтина Тимофеевна - 1925 жылдың 14 тамызында дүниеге келген. 1941 жылдың қараша айында медбикелерге арналған алты айлық оқыту курсына қабылданды. Курстың соңында аудандық военкоматқа түсті.  1942 жылы  №15994 әскери бөлімнің  жылжымалы далалық хирургиялық ауруханасына жіберілді. 1942 жылдың 19 қарашасында бұл әскери бөлім, Сталинградқа шабуыл болған кездегі майданындағы 62 әскерге жіберілген. Жауынгерлік операцияларға қатысты. 2 ақпанда Сталинград шайқасы аяқталды. 3-ші украиналық майдан әскеріне түскен біздің әскери бөлімі Украина (Ростов, Донбасс, Днепропетровск, Николаев, Одесса);Молдавия( Бендерия);Румыния;Голау, Констанцу,Факшаны,Бухарест;Югославия Субботница қалаларын және елді мекендерін босатқан. 1-наурызда Венгрия қаласы Будапешті босатуына қатысып, соғыстың аяғы 9-мамырға дейін соғыста болды. Будапешт үшін ауыр шайқастар болды. Ауыр жарақат алып, емделген көптеген адамдар болған. Майдан кезінде бомбадан  екі рет жарақат (жұлын  және төменгі аяқ )алып
1945 жылы қараша айының соңында әскерден қайтарылады. Оралда 4 жылдық медициналық мейірбике факультетін бітіріп, хирургия және мейірбике ісі тәжірибесін үйретуге қалды. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Марапаттары:
1. «Екінші дәрежелі Отан соғысы ордені.
2. Германияны жеңгені үшін медаль.
3. Сталинградты босату үшін.
4. Жеңімпаздар медальдары (Жеңіс күнінен 25,50,55,60,65 жыл) және басқалар.
5.КСРО-ның денсаулық сақтаудағы тамаша жұмысшы.
6. Қазақстанның денсаулық сақтаудағы үздігі.
7.Жуковтың медалі.
8. Қазақстанның мерейтойлық медальдары, Астананың 10 жылдығы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл.
9. Ерен еңбегі үшін медаль.
Жеңіске 60 жыл мерей тойында - Мәскеудегі шеру кезінде БҚО делегаты болды. 1989 жылы Мәншүк Маметова мұражайының жанында құрылған «Фронтовка» клубының төрағасы.

Бауыржан Қанатбайұлы Тұманов 1948 жылы Бөкейордасы ауданында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі –жоғары. 1971 жылы Саратов ауылшаруашылығын механизациялау институтын ауылшаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша аяқтаса, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебінен саясаттанушы мамандығын алып щықты.
Еңбек жолын «Уральскводстрой» ПМК-1 трестінде механик болып бастап, 1991 жылға дейін коммунистік партия қатарында түрлі лауазымдарда еңбек еткен. Тәуелсіздік алған жылдар басында Орал облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасының орынбасары, кейін 1991-1997 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.
1999 жылдан бастап қоғамдық қызметтердің бел ортасына көріне білді. 1999,2005 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті сайлауында ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың облыстық штабының жетекшісі, 2011 жылы облыстық штаб жетекшісінің орынбасары болды.
1999-2000 жылдары  «Отан» партиясы облыстық филиалының атқарушы диркторы, 2000 жылдан «Арту» қоғамдық бірлестігі бақармасының басшысы болып еңбек етті.Бірнеше мәрте 2007-2016 жылдары облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.
Б.Тұманов 1999 жылдан бері беделді партия мүшесі, 206 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Губанов Лидия Игнатьевна  1923 жылдың 3 тамызында Көкшетау облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1928 жылдан бастап  Батыс Қазақстанда . 1942 жылы наурызда № 6 мектепте 9 сыныпта болғанда өз еркімен майданға барады. Мәскеу радиосы мамандарын толтыру үшін шақырылады. 1942 жылдың шілдесінде Мәскеуге қайтып оралып, мектепті бітірді. Радио оператор атағын алып 1942 ж қазан айында Казан қаласының әскери бөліміне жіберілді. Маршал Конев астындағы Дала майданының бөлігі ретінде 57- гвардиялық Красноградтық атқыштар дивизиясы қатарына түседі. 1942 жылы 27 желтоқсанда Сталинградта болды. Қаңтар айының алғашқы күндерінде Харьков қаласына жіберілді. Ол соғыс бойы орташа қуатты радио станциясының радио оператор болып жұмыс істеді. Бұл кезде Дала фронты Екінші Украин майданы деп өзгертілді. Курск қаласындағы шайқастарға қатысқан. Соғыс жеңісін Прагада қарсы алып, қаланы босатуға қатысқан.
1. 1945 жылдың тамызында Орал қаласына оралды.
2. Соғыстан кейін 1946-1947 жылдары Оралдағы радиостанцияда жұмыс істеді. 1948 жылы ол Бөрлі ауданына кетіп, 1951 жылға дейін аудандық мәдениет бөліміне басшылық етті.
1955 жылы қалаға оралды. 1958 жылы Горьков атындағы қалалық кітапхананың меңгерушісі, қалалық мәдениет басқармасы басшысы орынбасары ретінде, ерікті негізде жұмыс істеді. 1958 жылы Мәскеу Мәдениет институтында оқып, 1961 жылы бітірді. 1963 жылы Крупская атындағы облыстық кітапхана директоры болып жұмыс істеді. 1971 жылы Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағына ие болды. Мәдениет министрлігі 1971, 1979 жж.
Жауынгерлік наградалар:
1. Курск өлкесіндегі шайқастарға қатысқаны үшін медаль.
2. «Батылдық үшін» медалі.
2. Қызыл жұлдыз ордені.
3. Отан соғысы ордені.
4. Мәртебелі әскери мақтау қағазы.
5. Германияны жеңгені үшін медаль.
6. Праганы босату туралы медаль.

Қатауолла Миралыұлы Ашығалиев 1948 жылы қойшы отбасында, Ресей Федерациясының Саратов облысында дүниеге келген. Ата-анасы қуғын кезеңінде қазақ даласын тастап кетуге мәжбүр болып, тек 1964 жылы отанына оралды. Қойшы, слесарь, жүргізуші болып ерте жұмыс істеп  бастаған. 1966 жылы Жәнібек кентінің орта мектебін бітірді. 1969 - 1967 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет етті. 1975 - 1970 жылдары Саратов политехникалық институтында оқыған. Институтта  автокөлік құралдарын пайдалану жөніндегі инженер болып оқытылды. 2003 жылы диссертацияны қорғап Экономикадан ғалым кандидаты дәрежесін алды. 1977 - 1975 жылдары инженер, бөлім бастығы, көлік кәсіпорнының директорының орынбасары. 1977-1985 жыл - Чапай автокөлік кәсіпорны басшысы. Еңбек қызметтері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1985 автокөлік басқармасының басшы орынбасары лауазымына облыстық департаментіне ауыстырылды. 1986-1992 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары. 1993-1994 Орал қаласы әкімшілігінің басшысы. 1995 жылы 4 жұмысшысы бар, 360 га жерде, шағын шаруа қожалықтарының қатысуымен, «Akae» Агрохолдингін ұйымдастырды. Кәзіргі уақытта, бұл ұйымда тұрақты негізде 430 адам жұмыс істейді және жер ауданы 47.626 га құрайды. Негізгі қызмет түрлері - мал, құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімі, және олардың өнімдерін қайта өңдеу. Қатауолла Миралыұлы «экономиканың аграрлық секторы.» Номинациясы бойынша республикалық байқауы «Онжылдығы үздік кәсіпкері» байқауының жеңімпазы болып табылады 1986 жылы Батыс ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін 2001 жылы «Құрмет белгісі» марапатталды.  Қазақстан «Құрмет», сондай-ақ, 2014 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай медаль «Парламентіне 10 жыл» медалімен марапатталған. «Қазақстан ауыл шаруашылығы еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. 2016 жылы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекет қызмет көрсету және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлесі үшін  «Парасат» орденімен марапатталды. Үйленген, бес бала, алты немересі бар. Әйелі Ашығалиева Лидия Ивановна, дәрігер, қазір зейнеткер.

Әжғұлов Мұхтар 1922 жылы 1 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Батырбек ауылында дүниеге келген. 1941 жылы еңбек жолын Орда аудандық оқу бөлімінде бас бухгалтер болып бастап, ауыл мектебінде сабақ берді. 1942 жылы Отан соғысына шақырылып, Сталинград, Калинин, Бірінші және екінші Прибалтика майдандарында болды. 1952 жылы Қаратөбе, Жымпиты аудандық партия комитеттерінде жасады. 1972 - 1990 жылдары Орал облыстық тұтынушылар қоғамы, кәсіподақ комитетінің, облыстық аудан қорғау қоғамының төрағасы болып істеді. М.Әжғұлов - Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. ҚР Үкіметінің «Құрмет» орденімен, «Отан Соғысы ІІ дәрежелі», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» 2 ордені, «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.

Орал қалалық мәслихатының 12.03.2013 жылғы  №11-6 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Архиепископ Уральский и Актюбинскийй Антоний (Москаленко Владимир Иванович) 1940жылы 29 қыркүйекте Хабаровск қаласында дүниеге келген.1960-1964жылы Тынық мұхиты флотында әскери қызметтен су асты кемесінде  өткен. 1965-1969 жылы Иркутск мемлекеттік университетінде заң факультетінде оқыған.1969жылы 27 қыркүйекте  сан диакон болып тағайындалды.  1969 жылы 12 қазанда дін қызметшісі қызметін атқарды.1970 жылы Антоний есімімен Мәскеу рухани семинариясына оқуға түседі.1977 жылы Мәскеу рухани академиясын тәмәмдады.1984 жылы Экзарх және Киев қаласының кафедральды соборының басшысы болып тағайындалды.1985 жылы Переславль-Хмельницким епископы,Киев епархиясының викариасы болып қызмет атқарды.1985жылы 13 қазан Сан епископ болып тағайындалды. 1986 жылдың желтоқсан айынан бастап Черновицкий мен Буковинский дербес кафедраларына тағайындалған.

Орал және Гурьев епархиясында білім алғаннан киін,епископ Антоний басқарушы архиер болып тағайындалды.Архиеписк Антонионың арқасында Орал қаласында Покров Прясвитой Богородицаның құрметіне Әйелдерге арналған монастырь ашылды. Келушілер саны 22ден 50 дейін өсті.Қызметтік жылдарында Орал қаласында бірнеше архитектуралық ескерткіштер: Архангел Махаил соборы,Христос Спаситель харамы,Святитель Николай храмы жөнделді және де облыс аудандарында тілектер үйі мен храмдар ашылды.

Архиепископ Антоний шіркеу марапттары мен Қазақстан Республикасының  марапаттарына ие. 

Мачевский Михаил Яковлевич 1919 жылы 27 ақпанда Одессада дүниеге келге.Қызметтік жолын 1935 жылы  Одессада обслстройтрес есепшісі қызметінен бастады. Орал қалалық облыстық басқармада 1943 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

1958 жылы Орал станциясындағы мейрамхана директоры болды.Осы қызметінің арқасында бұл салада мейрамхана шығындарының базасында 1,5 қызметшілердің озық тәжірибиесі бар  ірі кәсіпорыны құрылды,шұжық, кондитер өнімдерін шығарылымы  тәулігіне 2мың тонна өнім өндіретін кәсіпорын,және де алькогольсіз ішімдіктер цехы және т.б кәсіпорындар.

Михаил Яковлевлевичтің басшылығында бұл кәсіпорын бірнеше мәрте қалалық,облыстық,республикалық және бүкілодақтық сайыстарда жеңімпаз  атанған.

Қызметтегі өндірістік көрсеткіштері үшін М.Я Мачевский Еңбек Қызыл Ту, Данқ ордендерімен марапатталған.1979 жылы Қазақ СССР-ның Сауда саласындағы еңбек сіңірген қызметкері мәртебелі атағы берілді.Еңбек ардагері медалімен,Кеңес саудасының үздігі белгісімен марапатталған.1982-1985 жылдары аралығында қалалық кеңестің халықтық депутаты болып сайланған.

Михаил Яковлевич –Ұлы Отан Соғысының қатысушысы,Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен,жеті медальмен марапатталған. 

Искалиев Нәжімеден Ихсанұлы 1941 жылы 5 қырқүйекте Астрахан облысы Красноярск ауданында дүниеге келген.Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіргеннен киін,1972-1983 жылдары аралығында,басшысының бірінші орынбасары, Орал қаласының Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.1983-1985 жылдары Талдықорған аудандық партия комитетінің  бірінші хатшысы,1985-1990 жылдары Талдықорған  облысының атқару қызметінің төраға орынбасары,Орал қалалық партияның облыстық комететінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.1990-1993 жылдары Орал қалалық облыстық кеңестің төрағасы,Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.

 Искалиев Н.И басшылығы кезінде Орал қаласында жыл сайын 325 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланысқа беріліп отырды,40км қала көшелері асфальтталып,көркейтілді.Сол жылдары  аймақтағы ірі бөбектер үйі ,Балалар ауруханасы,№15 көмекші мектеп-интернаты,диагносьтикалық орталық салынып,орталық мәдениет және демалыс саябағын қайта  құру басталды.

1993-1994 жылы Искалиев Нәжімеден Ихсанұлы ҚР Премьер министрінің кеңесшісі қызметін атқарды,1994-1997жылдары ҚР-ның Украинадағы төтенше және  өкілетті елшісі,Молдовияда да қос қызметте.1999-2003 жылы СНГ және ҚР атқарушы комитетінің төраға орынбасары қызметін атқарды.СССР жоғарғы кеңесінің депутаты,СССР халықтық депутаты қызметтерінде болды.Халықтар достығы орденімен және де т.б медальдармен марапатталған.

Кужекова Роза Лукьянқызы 1939 жылы дүниеге келген, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын 1962 жылы аяқтағаннан кейін, еңбек жолын ауылдық мектеп мұғалімінен бастап, өз білімділігінінің, ұйымдастырушылық қабілетінің  және дарынды  жұмыс қабілеттілігінің арқасында қысқа мерзім аралығында еңбек жолын қалалық және облыстық құрылым бастығының деңгейіне жеткізді.

Обком Комсомолының бірінші хатшысы, облыстық профсоюз советінің председателі, қалалық және Батыс Қазақстан облыстық партия  комитетінің секретары қызметтерін атқара отырып  Роза Лукьянқызы қаланың  және облыстың экономикалық әлеуметтік дамуына зор  үлес қосты.

Қайтақұру жылдары облыстық еңбек қорғау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасын басқара отырып   Р.Л.Кужекова мүгедектерге, пенсионерлерге және басқа да көмек қажет адамдарға шынайы көмек көрсетіп қана қоймай, оларға еліміздің жарқын болашағына үлкен үміт ұялатты.Осы үлкен азаматтық қасиетті 1995 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан кезінде де, практикалық сайланбалы, мерекелік және жаппай іс-шаралар, көптеген қайырымдылық қорлар қызметі Р.Л.Кужекованың белсенді қатысуымен өтті.Ардагерлік ұйымдарда жұмыс жасай отыра, жасы келген үлкендердің мәселелерін шешуге, сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие беруге үлкен үлес қосты.

Роза Лукьянқызы бірнеше мәрте Облыстық және қалалық халық кеңесінің депутаты, сонымен қатар Республикалық сайлау органдарының құрамына сайланды.Оның  еңбектері мемлекеттік, қалалық және облыстық және белсенді өмірлік айқындамасы  «Знак Почета»-сының екі орденімен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.     

Жұмағалиев Бисен Жұмағалиұлы - 22 желтоқсанда Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген. 1951жылы Орал педагогика институтын 1960 жылы Жоғарғы партия мектебін, 1964 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын бітірген. 1942 жылы қаңтарда майданға аттанып, 13 дивизия құрамында соғысқа қатысады. 1945- 1955 ж.ж. Фурманов аудандық партия комитетінің 1- хатшысы. 1960- 1985 ж.ж. Орал және Көкшетау облыстарында партия комитеттерінің хатшысы. 1985 жылы Көкшетау қаласындағы Куйбышев республикалық мемориалдық музейдің директоры. «Октябрь революциясы», «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз»,        3 мәрте «Еңбек Қызыл ту», 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен, ҚР «Құрмет» орденімен марапатталған. 

Орал қалалық мәслихатының  12.03.2013 жылғы  №11-6 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді 

Гапич Иван Степанович - 1923 жылы 2 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Соғыс жылдары Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысқан. 1952 жылы И.С. Гапич Қарағанды облысының прокуратура органдарында қызмет еткен. 1956- 1966 жылдары аралығында КСРО прокуратура органдарында қызмет атқарған. 1966- 1986 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы прокуратурының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. «Ерлік үшін», «За взятие Кенигсберга» медальдарымен, «Қызыл Жұлдыз», «Слава- 3 степени», «Құрмет» ордендерімен марапатталған. 

Орал қалалық мәслихатының  12.03.2013 жылғы  №11-6 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Букаткин Павел Романович - 1923 жылы 3 сәуірде Орал қаласында дүниеге келген. 1943 жылы Орталық, Белорусь, Бірінші және төртінші Украина майдандарында №96 атқыштар полкінің взвод және рота командирі болды. Соғысты Прага қаласында аяқтаған. 1964- 1996 жылдары А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің тарих кафедрасының доценті. 2005 жылдан БКМУ- дың әскери- тарихи мұражайының меңгерушісі болып жұмыс жасайды. П.Р. Букаткин «Құрмет» орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Германиядағы Жеңісі үшін» екі медалімен, «Праганы азат еткені үшін», «КСРО ағарту ісінің үздігі», «ҚР- ның ғылыммен дамытудағы еңбегі үшін», «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 

Орал қалалық мәслихатының  12.03.2013 жылғы  №11-6 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді 

Потиченко Александр Андреевич - 1946 жылы 20 кыркүйекте РФ Орынбор облысы Первомай ауданындағы Озерное ауылында дүниеге келген. А. Потиченко еңбек жолын 1961 ж. «Промстрой» құрылыс басқармасында әр түрлі жұмыстағы жұмысшы ретінде бастайды. 1991ж. бастап «Альтаир» құрылыс компаниясының басшысы қызметін атқарып келеді. 20 жыл ішінде өндірістік, тұрғын үй және әлеуметтік- тұрмыстық мақсаттағы 100- ден астам нысан салынып, пайдалануға берілген. ҚР Үкіметінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, «ҚР құрметті құрылысшысы» атағы берілді.    2009 ж. «Құрмет» орденімен, 2011 ж. «Алғыс» медалімен, « ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.     

Орал қалалық мәслихатының  14.10.2011 жылғы  №41-13 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді 

Мұқатаев Вениамин Қадырұлы - 1956 жылы 1 ақпанда Орынбор облысы Құрманай ауданы Костино ауылында дуниеге келген. Еңбек жолын «Уральскпромстрой» тресінде дәнекерлеуші көмекшісі болып бастайды, 25 жылдан астам уақыт бойы Орал қаласының тұрғын үй- коммуналдық саласында қызмет етіп, 1999 жылдан бастап В. Мұқатаев Орал қаласының әкімі болып тағайындалады. 1999 жылдан 2005 жылға дейін қаламызда Қазақ драма театры, Мұз айдыны сарайы, жүзу бассейні салынды. В.Қ.Мұқатаев 2001 ж. «Алтын барс» белгісімен ҚР Президентінің алғыс хаттарымен, «Астана» және «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. 

Орал қалалық мәслихатының  14.10.2011 жылғы  №41-12 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді 

Ақмурзин Сарсен Ақмырзаұлы(1909-1999) – 1909 жылы Жаңақала ауданында дүниеге келген.1926-1930 жылдары ауыл-кеңесінде және аудандық атқару комитетінде жұмыс істеген. Педагогикалық техникум, А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын бітірген. №11 қазақ орта мектебінде директор болып жұмыс істеген. 1938 жылдан бастап 1996 жылға дейін А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, институт проректоры мен ректоры болып жұмыс істеген. Қазақстанның жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, халыққа білім беру ісінің үздігі. Ұлы Отан соғысының ардагері, екінші топтағы мүгедек. ”Құрмет белгісі”, ”Қызыл Ту”, ”І дәрежелі Отан соғысы” ордендерімен марапатталған.

Арыстанғалиев Қайыржан Қайыржанұлы – 1917 жылы 5 мамырда Чапай ауданында дүниеге келген.Көп жылдан бері “Землячка” зауытында жай жұмысшыдан цех шеберіне дейін көтеріліп жұмыс істеген. Оған 1966 жылғы 9 маусымда Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 

 

Атоян Петр Александрович (1915-2003) - 1915 жылы 23 қазанда Ростов-на-Дону облысының Шахты қаласында дүниеге келген. 1944 жыдан бастап Кеңестер Одағының Коммунистік Партиясының мүшесі болған. 1935 жылы Ленинград қаласының әскери-механикалық техникумын,ал 1940 жылы Ленинград қаласының металлөнеркәсіп институтын бітірген.1935 жылдан 1942 жылдың наурыз айына дейін Орал қаласына көшірілген 686 п/я зауытында жұмыс істеген.Ол әр түлі лауазымдарда: конструктор,технологог,цех бастығы,бас инженер болып жұмыс істеген.1947 жылдан бастап К.Е.Ворошилов атындағы машина жасау заутында директор болған.Ленин атындағы,Октябрь революциясы, ”Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, 1961 жылы С.Сейфуллин атындағы №11 мектепті бітірген. 1961-1966 жылдары Қазақ педагогикалық қыздар институтының филология факультетін бітірген. Облыстық “Орал өңірі” газетінде еңбек жолын бастаған. ”Жұлдыз” (1970) республикалық журналында, ”Қазақ әдебиеті” (1967) баспасында, ”Жазушы” баспада жұмыс істеген. 1967 жылы “Өрімтал” атты бірінші өлең жинағы шыққан, кейін “Наз” (1969), ”Қуанышым іңкәрім” (1971), ”Сені ойлаймын” (1973), ”Аққанат” (1975), ”Бақыт әні” (1978), ”Жайық қызы”, ”Белокрылая” (1981), Ақжелең” (1985), ”Сүмбіле” (1990), ”Ақшағала” (2001) атты кітаптары шыққан. Ақынның “Песня.Мечта.Любовь”, ”Чудесный сад” (1980) өлеңдері орыс тілінде шыққан. ”Советская женщина”, ”Огонек” журналдары премиясының лауреаты.

Бученко Петр Васильевич – Орал және Жамбыл қалаларында шаруашылық және партиялық басқару жұмыстарында жұмыс істеген.1955 жылдан бастап зейнетте, Ардагерлер Кеңесін басқарған.

 

 

Гора Александр Александрович – еңбек жолын 1944 жылы бастаған. Көп жылдан бері Механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеген. Өз бетінше суретші (облыстық мұражайына 4 сурет сыйлаған, ”Орал өңірі” облыстық газетімен белсенді ынтымақтасты).

 

 

Жұбаев Сергей Шұғаұлы - 1939 жылы Астрахан облысы, Володарск ауданының Козлово-Разбугорье ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Саратов қаласының ауылшаруашылығын механизациялау институтына түскен, ол институтты 1962 жылы үздік бітірген. Кейін, Астрахан облысы кеңшарында бас инженер болып жұмыс істеген,1964 жылдан бастап 1967 жылдары аспирантурада оқыды,техникалық ғылым кандидаты диссертациясын сәтті қорғады. С.Ш.Джубаевтың педагогикалық және ғылыми қызметі Батыс Қазақстанда басталды.С.Ш.Джубаев 1967 жылдан бастап 1989 жылға дейін ассистенттен бастап Батыс Қазақстан аграрлы университетінің ректоры болып жұмыс істеген.1989 жылдан бастап және 11 жылдай университетті басқарды.

Үкіметтік наградалары бар: 
- “Құрмет белгісі” ордені
- “Еңбек ардагері” медалі
- “Заслуженный изобретатель ССР” медалі
-“Халыққа білім беру еңбегі сіңген қызметкер” құрмет атағы

Профессор,Қазақстан Республикасының табиғи ғылым Академиясының мүшесі,Қазақстан Республикасының инженерлік акдемиясының академиялық кеңесшісі.120 ғылыми жұмыстардың,12 өнертабыс пен патенттердің авторы. Батыс өңірінде жоғары білім беруге және сіңген еңбегіне,кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жоғары білікті мамандар дайындаған үшін “Орал қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.

Есипенко Илларион Тимофеевич – 1894 жылы дүниеге келген. Социалистік еңбек ері, генерал-майор И.Т.Есипенко қарапайым батырақтан генерал шеніне дейін еңбек жолынан өткен. Ол азаматтық және Ұлы Отан соғысы майдандарында батыл соғысқан. И.Т.Есипенко 1934-1938 жылдары 46-кавалериялық полкінің командирі және комиссары, Орал қаласы гарнизонының бастығы болған. Полкке екі ат зауыты бағынған, ол жерде әскер үшін жылқыларды өсірген. Ұлы Отан соғыс жылдары әскер құрамасын басқарған. 25 орден және медальдармен, соның ішінде 3 Ленин ордені мен 5 Қызыл Ту орденімен марапатталған.

 

 

Ермұқатова Қалида – 1914 жылы Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында дүниегекелген. 1929 жылдан бастап Орал қаласының ет комбинатында ішек цехында 60 жыл уақыт жұмысшы болған. 1938-1957 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. Партиялық сайлау және қоғамдық ұйымдар жұмысына қатынасқан.Үкімет наградаларымен марапатталған: Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісінің» 2 ордені, ерен еңбек үшін медальдар.

 

 

Жайсаң Ақбай - 1927 жылы 9 мамырда Жымпиты ауылында қазіргі Сырым ауданында Ақбайұлы Досболат деген шаруа отбасында дүниеге келген. Жымпиты ауылының орта мектебін бітіріп, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетіне түскен. Өз еңбек жолын 1945 жылы мектепте оқып жүріп аудандық пионер үйінде тәрбиеші ретінде бастаған, институтты бітірген соң Жалпақтал ауылының орта мектебінде мұғалім болып, аудандық халыққа білім беру бөлімінде инспектор, Жалпақтал ауылының орта мектеп директоры болған, насихаттау және үгіттеу бөлімінде меңгеруші, Жалпақтал аудан партия комитетінің екінші секретары, аудандық атқару комитетінің орынбасары болып жұмыс істеген. 1971 жылы маусым айында Батыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды. Осы қызметте 16 жыл бойы жұмыс істеді. 1987 жылдан бастап республикалық маңызы бар зейнеткерлікте. Зейнеткерлік уақытында 1987 жылдан бастап 1994 жылға дейін облыстық қазақ мәдениет қоры бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Жайсаң Ақбай 250 мақала және тарихи-публицистикалық материалдардың авторы, атап айтқанда:”Радуга Ақ Жайық” (Самара қаласында шығарылды), ”Ритмы Ақ Жайық”, ”Нарын-Казахия”,”Жанша”, ”Қазақтар”,”Сырым тағдыры ел тағдыры”, ”Жымбиты ауданы”, ”Алаш-От-АНА”, ”Сырым-Датұлы” (орыс тілінде), ”Хан Жәнгір” және т.б. Жайсаң Ақбай әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстармен айналысады. ”Парасат” қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы, ”Сабақтастар” клубының жетекшісі, Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің профессоры, ”Евразия” институтының құрметті профессоры. Наградалары: ”Халықтар достығы” ордені (1986), ”Құрмет белгісі” ордені (1966), ”Қажырлы еңбегі үшін” (1961 ж.), ”Тың жерлерді игергені үшін”, ”ҰОС Жеңіске 50 жыл”, ”Астана”(1998 ж.), ”Ұлы Отан соғысы” белгісі.

Жақыпов Қабилолла Қабенұлы – 1949 жылы Казталов ауданында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметші, техникалық ғылымдар кандидаты. 1972 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын бітірген. Өз еңбек жолын аудандық байланыс торабында электржөндеуші болып бастаған. Аудандық құрылыс кәсіпорнында прораб, бас инженер, ”Уральскколхозстрой” трестінде бас инженер болып жұмыс істеген. 1979 жылдан бастап қалалық және аудандық партиялық ұйымдарда жұмыс істеді. 1991-1992 жылдары Орал қаласының атқару комитетінде,1992-1993 жылдары Орал қаласының әкімі, 1993-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі, 2000 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылымында түрлі жауапты қызметтер атқарды. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

Жексенбаев Шәкір (1901-1988) – 1901 жылы 28 ақпанда Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген. 1918 жылы өз еркімен алғашқы үлгілі Совет қазақ кавалериялық полкі сапына кірген. Эскадрон бөлімінің командирі. 1920 жылдан бастап Кеңестер Одағының Коммунистік Партиясының мүшесі. 1924 жылы М.В.Фрунзе атындағы әскери академиясын, ал 1932 жылы Мәскеу қаласының әскери-инженерлік академиясын бітірген. Ұлы Отан соғысын инженерлік әскердің генерал-майоры болып аяқтаған. 1945 жылдан бастап 1958 жылға дейін К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясы мен В.А.Куйбышев атындағы әскери-инженерлік академиясында дәріс берген. Ленин орденімен, 4 Қызыл Ту орденімен, Қызыл Ту және І-дәрежелі Ұлы Отан соғысы медальдарымен марапатталған.

Иконников Петр Степанович – 1903 жылы Чапаев ауданындағы Мергенево ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Шіркеу-приходской мектебінің 3 сыныбын бітірген. Азамат соғысы кезінде 25-Чапаев дивизиясының 221 полкісінде соғысқан. 1941 жылдан бастап ҰОС аяқталғанға дейін пулеметші ретінде І Украина майданында неміс-фашисттермен соғысқан. Үкімет наградаларымен марапатталған: ”Отан соғысы” ордені, ”ІІІ-дәрежедегі даңқ ордені”, ”Ерлігі үшін” медалі, ”Германияны жеңіп алған үшін” медалі, ”Ұлы Октябрь революциясына 70 жыл” медалі. ҰОС аяқталғаннан кейін барлық жылдары жұмысшы болған.

 

 

Ипмағамбетов Әмірғали Меңдігерейұлы – 1903 жылы Орал облысы, Теректі ауданында дүниеге келген. Әкесі революционер болған, 1919 жылы қаза болған. 1919 жылы Орал қаласы комитеті (РКП(б)) жанынан агитатор курсын бітіріп, Орал қаласын ақтардан босатуына қатысқан, кейін ол Совет билігін орнату үшін босаған аудандарға жіберілген. Орал қаласының екі комсомол конференциясының және Қазақстан комсомолының І съезінің делегаты болған. «Лениншіл Жас» газетінің редакторы болған. Партиялық басшылық қызметінде жүріп социализмді орнатуға белсенді қатынасқан.

 

 

Қажығалиев Шамғон Сағаддинұлы – Қазақ КСР халық әртісі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрінің бас дирижері және көркем жетекшісі. Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрін бір шығармашылық деңгейден екінші деңгейге сенімді алып келе жатырған қазақ музыка өнерін жарқын да талантты өкілі. Оркестрдің гастрольдері біздің елде және шетелде де сәтті өтуде.

 

 

Камалов Сухан Мақсотұлы –1935 жылы 21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Асан-Құдық ауылында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология бөлімін бітірген. Геологиялық партия коллекторлығынан бастап республикалық геология және жер қайнарын қорғау комитеті төрағасының бірінші орынбасарлығына дейінгі қызмет сатыларынан өтті. 1965 жылдан 1972 жылға дейін Қазақстан Республикасы Геология министрлігінің бас геологы болып қызмет атқарды. Республикамыздың барлық аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жобалаумен және жоспарлаумен айналысты. Сол жылдары қоры аса бай сұйық көмірсутекті Өзен және Жетібай кендері ашылды. Ақтюбе экспедициясының бас геологы ретінде осы кісінің тікелей қатысуымен «Жаңа жол» ірі мұнай кен орнын зерттеліп, ашылды. 1979 жылдан Орал мұнай барлау экспедициясын басқарып, 1985 жылы қайта құрылған мұнай және газ барлау бірлестігінің бас директоры болып тағайындалды. Осы кезеңде бірегей Қарашығанақ газконденсат кені барланды. Камалов Сухан Максотұлы ғылыми еңбектері мен геология саласындағы белсенді қызметі үшін 1994 жылы ҚР Ұлттық академиясының корреспондет-мүшесі болып, ал 1995 жылы ҚР инженерлік акдемиясының толық мүшесі болып (академигі) сайланды. Камалов Сухан Максотұлының еңбегі көптеген Мемлекеттік наградалармен ескерілді. Атап айтқанда: «Октябрь Революциясы», «Құрмет Белгісі» ордендері, көптеген медальдар және дипломдар. 1999 жылы «Парасат» орденімен марапатталып, қалалық мәслихат шешімімен 2001 жылы «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. 2008 жылы «Барс» орденімен марапатталды. Академик Камалов Сухан Максотұлы осы күнге дейін мұнайгаз саласындағы күрделі ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге ат салысып келеді.

Кирсанов Александр Васильевич – 1898 жылы 23 желтоқсанда Қазан қаласында дүниеге келген. 1922 жылдан бастап СҮКП мүшесі.1926 жылы Киев қаласының әскери мектебін бітірген,ал 1949 жылы бас штап Академиясын бітірген.Азаматтық және Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Стрелковая дивизиясының командирі,генерал-майор А.В.Кирсанов Днепрдың өтуінде ерекшеленді. 1943 жылы 28 қыркүйек түніне қарағанда ол басқарған дивизия плацдармды алып және қарсылас фашисттерге төтеп берген.Совет Үкіметінің Батыры А.В.Кирсанов отставкадан кейін 1969 жылдан 1974 жылға дейін Ленин атындағы Белорусь мемлекеттік университетінде проректор болып жұмыс істеген.

Молдашев Қайырғали Молдашұлы (1921-1997) – Орда ауданының Жиекқұм ауылында дүниеге келген. 1950 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1956 жылы облыстық мәдениет басқармасының бастығы, ал 1965 жылдан бастап 1975 жылға дейін Орал қаласының халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары. 1978 жылдан бастап 1982 жылға дейін Орал қаласының халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. ”Германияны жеңіп алған үшін”, ”В.И.Лениннің туғанына 100 жылдығына орай, ерен еңбек үшін”, ”Тың жерлерін игергені үшін” медальдарімен марапатталған.

 

 

Мырзағалиева Марина Мұхамедқызы – 1924 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген. ”Метрострой” қызметкері, Орал өңірінде Совет үкіметі үшін белсенді күрескен Мұхамед-Кафи- Мырзағалиевтың қызы. М.М.Мырзағалиеваның еңбегі үшін мына наградалар берілген: «Озат еңбегі үшін» медалі, халық шаруашылығын дамытуда алған жетістіктері үшін ВДНХ қола медальдары, «КСРО халықтық бақылау органдарында белсенді жұмыс үшін» белгі, «Құрметті көлік құрылысшысы» атағы.