Smart City

Орал қаласы әкімдігінің бөлімдерімен жүзеге асырылып жатырған цифрландыру саласындағыжобалар туралы

АҚПАРАТ

Орал қаласында цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда қала әкмідігінің бөлімдерімен негізгі төмендегідей жобалар жүзеге асырылуда:

1. Қоғамдық көліктерді диспетчерлеу жүйесі (Жоба іске қосылды, қазіргі таңда көліктердің 100% қамтамасыз етілген)

2. СМС-бас электрондық төлемақы жүйесін енгізу (Пилоттық режимде іске қосылды, қазіргі таңда 5 маршрутта орналастырылған)

3. Ақшасыз есеп айырысу транспорттық картасын іске қосу (Пилоттық режимде іске қосылды, 51-маршруттық автобуста)

4. Аялдама павильондарында электронды таблолар орнату (жоба Достық-Дружба даңғылы бойындағы «ТТС» аялдамасында пилоттық режимде орнатылған)

5. «Ашық әкімдік» (2017 жылдың 5 маусымында іске қосылды)

6. Балабақшаларға кезекке қоюды автоматтандыру (Жоба іске қосылды)

7. «Жер учаскесіне келісім беру» қызметін автоматтандыру (Жоба іске қосылды, барлық 20 монополист-мекемелер жүйеге енгізілген)

8. Эскиздік жобаға келісім беруді автоматтандыру (Жоба іске қосылды)

9. Орал қаласы әкімдігінің Telegram-боты (Жоба іске қосылды, функционал біртіндеп өңделуде)

10. «Халықтық бақылау» жобасы (2508 өтініш түсіп, олардың 2437-і өңделді, күніне 10-12 сұрақ келіп түседі)

11. SMART URALSK  мобильдік қосымшасы(Жоба іске қосылды)

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІМ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда интеллектуалды көлім жүйесін қалыптастыруда Орал қаласы әкімдігімен көлік инфраструктурасын цифрландыру бойынша жобалар жүзеге асырылды.

1.   Жолаушылар ыңғайлылығы үшін автобустарда GPS-треккерлерді орнату;

2.   Қалалық жолаушылар көлігін бақылау үшін «INFOBUSMOBILE» мобильдік қосымшасын жасақтау;

3.   SMS BUS электронды төлемін енгізу;

4.   Транспорттық карталарды енгізу

 

GPS-ТРЕККЕРЛЕР

Қазіргі таңда Орал қ. әкімдігімен 616 дана автокөлікке «Busreport» бағдарламалық жасақтамасы сатып алынды.  100% GPS-треккерлер  бағдарламаға қосылды. Қазіргі таңда  аталған жүйе 28 қалалық маршруттарда жұмыс істейді.

«INFOBUSMOBILE» мобильдік қосымшасы

InfoBus mobile - қалалық қоғамдық көліктер, аялдамалар, онлайн режиміндегі көліктер қозғалысы туралы ақпараты бар  мобильдік қосымша. Қосымша аоқылы аялдамада көлік күту уақыты оңтайландырылды. Қазіргі таңда 74 000 жүктеме жүзеге асты.

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМАҚЫ (Транспорттық карта)

2018 жылдың 1 ақпанынан №51 маршруттық автобусында пилоттық режимде іске қосылды. 2018 жылдың 1 ақпаны мен 1 тамызы аралығында транспорттық карталар арқылы 1000 транзакция өткізілді, 300 карта сатылды, сонымен қатар қалалық тасымалдаушылармен осы транспорттық карталарды енгізу туралы келісімшарт жасалды. 2018 жылдың 13 тамыз күні транспорттық карта жүйесі тағы 4 маршрутта енгізілді (№5,№7,№39,20). 6000 карта сатылып, 50 000 транзакция өткізілді.

БИЛЕТТЕНДІРУ, ТӨЛЕМАҚЫ ЖҮЙЕСІ  (SMS BUS)

Қазіргі таңда жолаушылар тасымалынан түсетін қаражат жиналуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында және жолаушылар ыңғайлылығы үшін қала әкімдігімен  пилоттық режимде SMS BUS жүйесі негізінде мобильдік телефондар арқылы жолақысын төлеу жобасы іске қосылды.

2017 жылдың 8 қарашасынан 8 маршруттық автобуста (№5,10,43, 39, 7, 33, 3, 35 маршруттарында). Қалалық тасымалдаушылармен осы жүйені енгізу туралы келісімшарт жасалды.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ ТАБЛО

«Smart City» тұжырымдамасы аясында Орал қаласының әкімдігі «KazInterSoft» ЖШС-мен бірлесіп пилоттық режимде Достық-Дружба даңғылы бойындағы «ТТС» аялдамасында электронды таблоны орнатты.

Аталған табло жолаушыларды автобус қозғалысы туралы ақпарттандырып тұрады.

2-4 жақын келе жатырған автобустардың келу уақытын, қазіргі уақытты және ауа температурасын көрсетіп тұрады.

Электронды табло тесттік режимде жұмыс істеп тұр.

 

АШЫҚ ӘКІМДІК

Өткен жылдың 5 маусымында Орал қаласы әкімдігінің ғимаратында бөлімдердің жеке және заңды тұлғаларға қызмет түрлерін көрсетуге арналған «Ашық әкімдік» алаңы ұйымдастырылды.

Жобаның беретіе мүмкіндіктері - мемлекеттік қызмет көрсету сапсының жақсаруы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің азаюы, бөлімдерге кезектердің азаюы (электронды кезек жүйесін орнату арқылы).

«АӘ» аясында қала тұрғындарына қалалаық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және қала әкімі аппаратының кеңсесі қызмет көрсетеді (10 мемлекеттік қызмет). Орта есеппен қызмет алуға күніне 300-ге жуық адам келеді.   Ашылған сәттен бастап 77 605 адам келді.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КЕЗЕГІН ҚАЛЫПТАСЫТЫРУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ

Жоба 2018 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеуде. Осы жүйенің көмегімен балабақшаларға кезекке қою процессі толығымен автоматтандырылды. Жобаның енгізілуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, балабақша кезегін қалыптастыру кезінде тұрғындарға ыңғайлылықты қамтамасыз етеді және балаларды бос балабақшаларға тиімді таратады. Сервиспен www.garden.uralsk.gov.kz сайты арқылы қолдануға болады.

 

«ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ ТАҢДАУ АКТІНЕ КЕЛІСІМ БЕРУ» ҚЫЗМЕТІН АВТОМАТТАНДЫРУ

Цифрландыру аясында пилоттық режимде Республикада алғашқылардың бірі болып жер учаскесінің нысаналы мақсатына келісім беру процессі автоматтандырылды.

Егер осыған дейін тұрғындар бұл процесске 2-3 ай уақытын жоғалтқан болса, қазір бұл процедура 5-10 күн уақытты алады. Жоба 26 наурыз күні іске қосылды, 20 мекемелер мен ұйымдарқосылған.

 

«ЭСКИЗДІК ЖОБАҒА КЕЛІСІМ  БЕРУ» ҚЫЗМЕТІН АВТОМАТТАНДЫРУ

Өткен жылдың қазан айында uralsk.e-saulet.kz. «Орал қаласының электронды архтектурасы» интернет-ресурсы іске қосылды.  «Эскиздік жобаға келісім  беру» қызметін толықтай электронды нұсқада Электроды цифрлы қолтағба арқылы алуға болады.

Интернет-ресурс тәулік бойы үзіліссіз қызмет етеді. Өтініш тапсыру үшін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен ХҚКО-на барудың қажеті жоқ. Осы жүйе қызмет көрсететін бөлімдер мен коммуналдық мекемелерге қағаз құжат алмасудан бас тартуға мүмкіндік берді.

ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖОБАСЫ

Жоба Instagram, Telegram әлеуметтік желілері мен арнайы uralskcontrol.kz сайтына қызмет етіп жатыр.

Жоба  арқылы тұрғындар  абаттандыру аясында және айналаны күтіп ұстау сияқты мәселелерді Әкімшілікке хабарлай отырып (сонымен қатар фото және бейне материалдар арқылы), тиімді шешімін табуға өз үлестерін қосады.

Бүгінгі күнге дейін 4000 астам өтініш келіп түсті. Орта есеппен күніне 10-12 өтініш келіп түседі. Өтініштердің көп бөлігі жолдар, ПИК жұмысы, қоқыс жинау, қар тазалау, жолда жүру ережелерін бұзу, абаттандыру және жарықтандыру сияқты мәселелерге қатысты. Қазіргі таңда «Халықтық бақылау» жобасының функционалын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

SMART URALSK BOT

Танымал Telegram әлеуметтік желісінде @smarturalskbot  көмекшісі іске қосылды. Бұл бол тұрғындарды соңғы жаңалықтар, қызметтер туралы хабардар етіп отырады.

 

SMART URALSK МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫ

Тұрғындар ыңғайлылығы үшін 2018 жылдың 1 қараша күні Smart Uralsk  мобильдік қосымшасы іске қосылды. Қазіргі таңда 7000-нан астам жүктелім жасалған.

Қосымшада тұрғындарға  онлайн түрде серситерді және ақпаратты тегін түрде алуға мүмкіндік бар.

Қосымшаның негізгі сервистері:

- балабақша кезегін білу;

- әкімшілік айыппұлдарды тексеру;

- әлеуметтік төлемдерді тексеру;

- учаскелік полицейді білу;

- үй кезегі білу;

- жер кезегін білу;

- медициналық мекемелерге шағым қалдыру;

- медициналық мекемелерді табу;

- дәрі-дәрмекті табу;

- балаларға арналған үйірмелер мен секцияларды табу;

- тікұшақ, пойыз, автокөлік кестелері;

- қалалық көліктер;

- «Қазпошта» АҚ-ның трекеррі;

- радио;

- қызықты жерлер;

- іс-шаралар туралы ақпарат;

- кинотеатр билеттері;

- КазИнформ жаңалықтары, қалалық жаңалықтар;

- намаз уақыты;

- ПИК табу;

- қонақ үй, хостелдарды табу.

- коммуналдық қызметтер төлемі

- балабақшалар, мектептер, университеттер мен колледждер туралы ақпарат.

ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ-АВАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҒЫ 109

Орал қаласының әкімдігі Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және мұрағаттар басқармасымен бірлесіп, Орал қаласында қалалық коммуналдық-авариялық қызметтердің бірыңғай колл-орталығы 109 жобасын жүзеге асырды. Пилоттық жоба 2019 жылы наурызда іске қосылды. Оның басты мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарының проблемаларын қашықтықтан шешу.

Осыған дейін азаматтарға қаладағы белгілі бір авариялық қызметке жүгіну қажет болған жағдайда әрбір коммуналдық мекемеге жеке-жеке жолығып уақытын жоғалтатын енді.

Жоба іске қосылғаннан кейін азаматтарға уақыт жұмсап жергілікті атқарушы органдарға барудың, өз мәселесін шешу үшін қайда және қалай хабарласу керектігін түсіну үшін коммуналдық ұйымдарға барудың қажеті жоқ.

Жоба іске қосылғанға дейін:

  • Ұзақ қоңырау шалу
  • Қоңырау шалудың бірыңғай жүйесінің болмауы
  • (осы себепті тұрғындар әкімдіктердің қабылдау бөлмелеріне қоңырау шалады)
  • Төмен қызмет көрсету сапасы
  • Жеке барып өтініш берудің қажеттілігі
  • Өтініштерді толтыру және тапсыру
  • Өтініштер базасының болмауы
  • Бақылаудың болмауы

 

109 жобасының артықшылықтары:

Жобаның негізгі артықшылықтары: шұғыл сипаттағы өтініштерді қабылдау; 5-10 секунд ішінде реакция уақыты (өтінішке жауап беру); 24/7-жұмыс; оқытылған персонал, бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырады.

 

Жобаның мақсаттары 109:

  • Жергілікті атқарушы органдардың қала тұрғындарының жеке келуін азайту
  • Өтінішке жауап алу уақытын қысқарту
  • Өтінішті орындау динамикасының ашықтығы
  • Пайдаланушылардың өтініштерін санаттау
  • ЖАО-ның өзара іс-қимылын жақсарту
  • Типтік мәселелерді шешу үшін білім базасын құру
  • Орындаушылармен тікелей байланыс
  • Қолжетімділік және орындау мерзімін бақылау