Ауыратын балаларды үйлерінде жеке тегін оқыту қалай ұйымдастырылады?

Денсаулық жағдайына орай ұзақ уақыт бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелеріне бара алмайтын балалар үшін тегін жеке дара үйде оқыту - ҚР Заңнамаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет болып саналады. Атап айтқанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 ж. 08 сәуірдегі № 174 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы» бұйрығы және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015ж. 16 шілдедегі № 173 «Батыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдар көрсететін арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» Қаулысына орай аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Денсаулық жағдайларына орай ұзақ уақыт бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелеріне бара алмайтын балалар үшін  жеке дара тегін үйде оқытуды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру  ұйымдары жоғарыда көрсетілген стандартқа сәйкес ұйымдастырады. Мемлекеттік қызмет дәрігерлік- кеңес беру комиссиясының  және психологиялық–дәрігерлік-педагогикалық консультацияның қорытындылары  негізінде қызмет алушының заңды өкілі білім беру ұйымына жазған өтініші бойынша көрсетіледі; қызмет көрсетілу мерзімі 3 тәулікті құрайды.

Денсаулық жағдайына орай ұзақ уақыт бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелеріне бара алмайтын балалар үшін жеке дара тегін үйде оқыту жоспарларының  жүктемелері  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012ж. 08 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес орындалады.

Бүгінгі күні Орал қаласында 124 оқушы тегін жеке-дара  үйден оқыту мемлекеттік қызметімен қамтылған, олардың 107-сі мүгедек, 17-сі денсаулық жағдайына байланысты уақытша  білім беру мекемелеріне бара алмайтын оқушылар. 107 мүгедек баланың 60-сы бағдарламалық-техникалық құралдармен (компьютерлермен) қамтылған, 22-сі БТҚ интернет желісіне қосылған: 19-ы ата-ана есебінен, 3-уі мектеп есебінен.

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.