Кондоминиум аумағында уақытша сауда нүктесін орнату туралы

Тұрғын үй кооперативі мен шаруашылық жүргізуші субъект арасындағы келіскендік шараларын орнату, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94» Заңы, соның ішіндегі 42-1 және 42-2 баптарына сәйкес көзделген.

Кондоминиум аумағында уақытша сауда нүктесін орнату туралы шешім қабылдау, тұрғындардың жалпы жиналысында қаралады және жиналыс хаттамасымен рәсімделеді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

Тұрғындар (меншік иелері) болжамданған жиналыс туралы 10 күн бұрын хабарландырылуы тиіс (осы туралы шағымданушы хабарламады) және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде заңды болып табылады.

42-1-бап. 7 тармақ. Кворум болмаған жағдайда, дауыс беру осы Заңның 42-2-бабына сәйкес жазбаша сауалнама жасау арқылы жүргізіледі және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері жағынан шағымдарды алдын алу мақсатында,  келісім парағында тек үй-жайлар (пәтерлер)  меншік иелері қол қояды.  

 

       Пәтер иелері кооперативінен барлық қажетті рұқсатнама құжаттарды алғаннан кейін (тиісті негізде рәсімделген үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасында: кондоминиум объектісінің орналасқан жері, жиналыстың өткізілетін күні, уақыты, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы саны, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысына қатысушылардың саны, жиналыстың төрағасы мен хатшысы, жиналыстың күн тәртібі, жиналыста сөз сөйлеген адамдар, дауыс беру нысаны және қорытындылары, жиналыс қабылдаған шешім көрсетіледі), сондай-ақ қаланың сәулеттік сырт келбетін бүлдірмеу мақсатында, уақытша сауда нүктесінің эскиздік жобасын мақұлдау қажет. 

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.