Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау

Бүгінгі күні кәсіпкерлікті қолдау бағытында  "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы  төмендегідей бағыттар бойынша  жүзеге асырылуда.

жобаларды жүзеге асыру үшін банктермен берілген кредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидилау (19 %, оның 7% -на мемлекет өтемақы төлейді, қалған 12% кәсіпкер өзі төлейді);

жобаларды жүзеге асыруға бағытталған банктердің несиелерін ішінара кепілдендіру

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:
      - кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы 20 млн. теңгеден, кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;
Жұмыс істеп тұрған Кәсіпкер үшін:
     - кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 180 млн. теңгеден,кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге 3 млн.теңгеге дейін мемлекеттік инновациялық гранттар ұсынылады. Иновациялық грант кәсіпкерлерге қайтарымсыз және кепілдік затсыз ұсынылады. Мемлекеттік грантты алушы кәсіпкердің жобасы  инновациялық, яғни өңірде бұрын жүзеге асырылмаған жаңа жоба болуы  және  бөлінген грант мақсатты пайдалануы шарт. Грант иегерлері конкурс арқылы анықталады, конкурсқа экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес құжаттарды толық тапсырған кәсіпкерлікті жаңадан бастағандар (кәсіпкерлік қызметті бастағанына 3 жылдан аспаса), жас кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер қатыса алады.

Аталған бағдарлама аясында толық ақпарат алу үшін Достық-Дружба даңғылы, 182/1 мекен-жайында орналасқан «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 50-52-06 телефоны арқылы немесе Орал қ. Т.Масин көшесі, 67/2 мекен-жайында орналасқан «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының  БҚО аймақтық филиалына 55-48-08, 55-48-10, 55-48-05 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.