Мамандығы бойынша еңбек өтілі жоқ, жас маман жұмысқа орналасу үшін қайда жолығуы қажет?

Тұрғын үй  көмегі – халықтың тұрмысы  төмен отбасыларына коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарын өтеуге арналған көмек, коммуналдық қызмет төлем ақысы мен отбасы табыстарының арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

Тұрғын  үйдi  күтiп  ұстау  және  коммуналдық  қызметтi пайдалану  ақысын төлеудiң   шектi   шығын  көлемi бүгінгі  таңда  отбасының   жиынтық  табысынан 10 %, ал жеңілдіктер пайдаланатын азаматтар үшiн  7 % көлемiнде белгіленді. 

Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде  жеңілдіктер келесідей азаматтарға қарастырылған: 

  • зейнеткерлерге,
  • мүгедектерге және оларды күтетін азаматтарға,
  • тұл жетім балаларға,
  • 23 жасқа дейін оқу орнында күндізгі бөлімде оқитын ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қорғаншыларға,
  • кәмелетке толмаған балалармен немесе 3 жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасына,
  • және 23 жасқа дейін оқу орнында оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасыларына,
  • сонымен қатар жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдерге, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлерге. 

Құзыретті орган Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады (Достық-Дружба даңғылы, 161, тел.: 30-01-12)

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.