Мемлекет тарапынан жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші тағайындауға қандай көмектер көрсетіледі?

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына» сәйкес, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органы (БҚО бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті) жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген ОЖБ (жеке оңалту бағдарлама) негізінде жүзеге асырылады.

жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін алу үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер мынадай құжаттарды: 

  • үлгі бойынша өтініш,
  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • мүгедек балалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның заңды өкілінің  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасы),
  • мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі,
  • жеке оңалту бағдарламасының көшірмесі. 

Жеке көмекші - мүгедектерге ілесіп жүру қызметін: мүгедекпен бірге тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына; сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени, ойын-сауық іс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін өзге де ұйымдарға барған кезде ілесіп жүру қызметін көрсететін тұлға.

Басқа жағдайлар бойынша мүгедекке күтім көрсету заңнамамен қарастырылмаған.

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, өмірлік қиын жағдайдағы адам (отбасы) үйде әлеуметтік қызметкердің қызметін алу үшін келесі құжаттардың тізімімен жолығады: 

  1. қызмет алушының жазбаша өтiнiшi;
  2. баланың туу туралы куәлiгiнiң немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
  3. азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi немесе тұрғылықты жерiнен анықтама;
  4. мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi (қарттар үшiн – талап етiлмейдi);
  5. мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме (қарттар үшiн – талап етiлмейдi);
  6. зейнеткерлiк жастағы адам үшiн – зейнетақы куәлiгiнiң көшiрмесi;
  7. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiктiң көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады.
  8. белгіленген нысандағы медициналық карта;
  9. балалар үшін психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңестің қорытындысы. 
Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.