Мүгедектерге санаториялық-курорттық емделуге жолдама алуға құжаттар қалай рәсімделеді?

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаториялық жолдама ұсыну қағидасына» сәйкес, Санаториялық-курорттық емделуге жолдама алу мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органы (БҚО бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті) әзірлеген ОЖБ (жеке оңалту бағдарлама) негізінде тиесілі.

Санаториялық курорттық емделуге жолдама алу  үшін Достық-Дружба 161, 12 кабинет мекенжайына төмендегі құжаттарды қоса өтініш беру қажет: 

  • үлгі бойынша өтініш,
  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • мүгедек балалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның заңды өкілінің  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты (мекенжай анықтамасы),
  • мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі,
  • денсаулық сақтау ұйымы берген санаториялық курорттық картаның көшірмесі;
  • жеке оңалту бағдарламасының көшірмесі.
Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.