Отбасындағы бір адам бала күтімімен айналысып, жұмыс жасамайтын болса, жас отбасылар үшін қандай әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған?

Барлық әлеуметтік жәрдемақыларды алу үшін, өтініш беруші   қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті органына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН /ИИН/  болғанда жолығады. 

Он сегіз жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын, жан басына шаққанда кіріс көзі азық-түлік себетінің құнынан аспаған жағдайда алуға болады, қажетті құжаттар тізімі:  

  1. өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (ҚР азаматының жеке куәлігі);
  2. баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi (куәлiктерi);
  3. өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік, жалғыз басты аналарға №4 анықтама;
  4. отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы откен тоқсанға);
  5. тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (отбасының мүшелеріне мекенжай анықтамасы);
  6. халық банкіндегі шоты немесе Қазпоштадағы дербес шоты; 

Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылуы қажет. 

Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау қажетті құжаттар тізімі:  

  1. қызметті алушының және заңды өкілінің жеке куәлігі;
  2. баланың тууы туралы куәлігі;
  3. қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
  4. тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (заңды өкіліне және балаға мекенжай аныктамасы);
  5. мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын мектептен анықтама  (тоқсан сайын);
  6. Халық банктен шот немесе Қазпоштадан дербес шот;
  7. мүгедектігі туралы анықтама;
    құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылуы қажет. 

Мекен-жайымыз: Достық-Дружба даңғылы 161 үй, 1-қабат, №3-5 бөлме, тел.93-35-62,61,60 жолығуға болады.

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.