Санаториялық-курорттық емделуге қандай жеңілдіктер бар?

Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту  туралы» шешіміне сәйкес, санаториялық курорттық емделуге Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға  және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға санаторлық-курорттық емделуді алуды жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек белгіленгенін, ол үшін төмендегідей құжаттар қажет: 

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • мекен-жай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі;
  • ДКК анықтамасы;
  • Санаториялық - курорттық картаның көшірмесі;
  • Халық банкі немесе Казпошта есепшотының KZ есепшот нөмірі туралы хабарлама немесе кітапшаның көшірмесі;
  • Мемлекеттік наградалардың куәлігі көшірмелерімен.
Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.