Семей полигонынндағы ядролық сынақтардан зардап шеккен тұлғаларға қандай көмек түрлері көрсетіледі?

«Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»  1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, төтенше, ең жоғары, жоғары, ең төмен және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар радиациялық қауiптi аймақтарда ядролық сынақтардың салдарынан келген зардапқа осы заңда белгіленген мөлшерде әрбір тұрған жылына біржолғы қаржылай өтемақы төленеді.

Одан басқа, Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту  туралы» шешіміне сәйкес, табысын есепке алмай ай сайын 2 АЕК  өлшерінен артық емес мөлшерде коммуналдық қызметтер үшін және   29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы  іс-қимыл күні біржолғы әлеуметтік көмектер көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Достық-Дружба даңғылы, 161, (тел.: 30-01-12) мекенжайы бойынша алуға болады

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.