Жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу

Жұмысы және табысы (кірісі) жоқ, жұмыс іздеп жүрген азаматтар жұмыс іздеуші ретінде мекен-жайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталағына немесе «электронды үкімет» веб-порталына төмендегі құжаттар арқылы тіркелуі керек:

 

  1. Жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
  3. Білімін, біліктілігін, арнайы оқуы барын және мамандыққа даярлаудан өткенін растайтын құжаттар.

 

16 жасқа толмағандар жазбаша түрде заңды өкілінің біреуінен арыз тапсыруы керек. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеуші азаматты тіркегеннен кейін 10 күн ішінде оған лайықты жұмыс іздеуде және әлеуметтік кәсіби бағдар беруде көмегін тигізеді.  Жұмыс іздеуші азамат жұмыс іздеуге қызығушылығын білдіріп 3 күнде кем дегенде 1 рет халықты жұмыспен қамту орталығына келіп тұруы қажет.

Егер 10 күн ішінде  азаматқа лайықты жұмыс табылмаса ол жұмыссыз деп тіркеледі.  

Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыз азаматтар орталыққа кем дегенде 10 күнде бір рет келіп тұруы қажет.

Жұмыссыз деп тіркелмейді:

 

  1. 16 жасқа толмағандар;
  2. Еңбек келісімшартымен жұмыс жасап, толық немесе толық емес жұмыс күнінде ақылы жұмыс жасап жатқандар, немесе басқа да ақылы жұмыс атқарып жатқан азаматтар;
  3. Зейнет жасына жеткендер;
  4. Жұмыссыздығы және кірісі жоқтығы туралы әдейі жалған ақпараты бар құжаттар немесе күмәнді мәлеметтер берген азаматтар.

 

Жұмыссыз азаматтың арызын қабылдау және есепке қою мына мекемелер арқылы жүргізіледі:

- Бейкоммерциялық акционерлік қоғам «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»

- Жұмыспен қамту орталығы КММ

- «Электронды үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz.

Мекен-жай:

-Жұмыспен қамту орталығы КММ: Достық-Дружба даңғылы 161, 8,10,12 кабинет, тел. 51-11-71, 51-44-93, 30-22-73.

-№1 Бейкоммерциялық акционерлік қоғам «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»: Жамбыл, 81, тел: 28-13-12, №2:  Курмангазы, 173, тел: 54-26-58.

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз