Жұмыссыздар есебіне тіркелу үшін қайда жолығу керек және мамандық бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар ма?

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы  №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдар жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде тұрғылықты жері бойынша не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін  уәкілетті органға өтініш жасай алады.

Жұмыссыз ретінде есепке тіркеліп, Сіздің кәсіптік қызметіңізге сәйкес бос жұмыс орындары ұсынылған жағдайда,  «Жұмыспен қамту» республикалық бағдарламасының бос жұмыс орындары деректер қорынан жұмыс таңдауда жәрдем көрсетіледі.

Кәсібі (мамандығы) жоқ тұлғаларға қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарын және оқу курстарын ұсына аламыз.

Мекенжайымыз: Достық-Дружба даңғылы 161, 2-қабат, 8, 13 қабылдау бөлмелері, тел: 24-14-06, 24-14-07.

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.