Қайта жоспарлауға рұқсат алу

Рұқсатнама алу үшін Орал қаласы әкімінің атына өтініш жазып оны Орал қаласы әкімдігінің кеңсесіне  тапсыру керек немесе ХҚКО-на. Ар

. Өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • Тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, пошта мекенжайы және телефон.
  • Өзгертуге жататын объектінің мекенжайы (орналасқан орны).
  • Бөлмелерді немесе ғимараттың өзге бөліктерінің мақсаты.
  • Өтінішке қосымша: өзгертілмек нысанға меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, растығын айқындау үшін түпнұсқа керек немесе нысан иесінің нотариалды рәсімделген жазбаша келісімі; техпаспорт ( нысанның функционалдық мақсатын өзгертпей)

Егер функционалдық мақсатын өзерту  жоспарланса, онда құжаттарды рәсімдеу 2 кезеңде жүргізіледі:

1. Жобалау кезеңінде нысанды жоспарлы өзгерту  бойынша техникалық жобаны беру қажет;

2. Құрылыс кезеңінде сәулет-жобалау тапсырмасына сәйкес орындалған келісіген эскиздік жоба  беру қажет.

Оған қоса егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қажет.

Рұқсатнама Сізге 30 күнтізбелік күн ішінде беріледі, тегін.

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз