Көппәтерлі үйде пайда болған мәселелер туралы қайда хабарлауға болады?

Көппәтерлі үйдің кіреберісінде жарықшам жанып кетті ме, қоқыс тастайтын контейнерлер жоқ па, әлде жертөлеңізді су басты ма? Онда ПИК-тің істеген жұмысына шағымыңызды апаттық қызметке емес, әкімдікке келіп беруіңізге болады.

ПИК деген не? ПИК-  пәер иелері кооперативі.  ПИК меншіктенуші емес, ол тұрғындарға қызмет істейтін менеджер. ПИК ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқару керек. Олар: жертөле, дәліз тазарту,жарықтандыру, үй маңын қадағалау, жалпы кіреберіс есіктің жағдайы. Тұрғындар төлейтін ақша  күнделікті  қызмет көрсетуге және штат қызметшілері жалақысына жұмсалады. Штат құрамына төраға, есепші, аула сыпырушы, сантехник және электрик кіреді. ПИК басқармасы жылына бір рет тұрғындар алдында атқарылған жұмыс туралы, шаруашылық жұмыстар және қаржылық есеп бойынша есеп беруі керек. Ол есеп кем дегенде жылына бір рет, ал қажет болғанда одан да көп рет берілуі керек. Әдетте есеп беру науқаны жылдың басына келеді.  Егер тұрғындар есепті қабылдаса, онда келесі жаңа жылдың жоспарын  бекітеді. Егер есеп қабылданбаса, тұрғындар ПИК-тің жаңа төрағасын сайлауға – сеніммен қарайтын үйдің кез келген тұрғынын құқықтары бар. Төрағаны 1 жылға көпшілік дауыспен қабылдайды. Егер оның атқарған жұмысын қанағаттанарлық етіп санаса, оны келесі жылға қайта сайлауға болады. ПИК шығыны тұрғындар (пәтер иелері) жиналысында қабылданады, сол себепті ПИК-тің қандай жұмыстарға ай сайын қанша қаражат жұмсалатынын білп жүру үшін үйдің әрбір тұрғыны жиналысқа қатысуға міндетті. Үйдің түріне, қабаттылығына, подъездттер санына, құрылмалық ерекшелігіне, аумағына, үй маңының абаттануына  және құрылыстың басқа да жеке ерекшеліктеріне , техникалық жағдайына және табиғи тозуына байланысты жалпы мүлікке жұмсалатын шығын көлемі түрлі болуы мүмкін.

Жарна көлемі пәтер иелері жиналысында жасақталған жобалық-сметалық құаттама негізінде белгіленеді. ПИК жұмысы барынша айқын болуы үшін, басқарма төрағасы тоқсанына кем дегенде бір рет пәтер иелеріне  қолданылған қаражат бойынша  есеп беріп тұруы керек. Есеп қортындысы  пәтер иелерінің  жалпы жиналысында жарияланады.

Сонымен қатар тұрғындар  тексеру комиссиясынан қаржы-шаруашылық тексерісінің актісін сұрауға құқылы.  Тексеру комиссиясы басқарма берген  жылдық кіріс пен шығыс сметасы және жыл сайынғы кооператив басқармасының есебі бойнша қортынды береді.

ПИК  мүлік құрылымына қатысты шешімдерді қабылдауға ықпалын тигізу үшін құрылады.

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.