Пәтерді қайта жоспарлау мен қайта жабдықтауға рұқсаттама алу, керекті құжаттар

Пәтерді қайта жоспарлау мен қайта жабдықтауға рұқсаттама алу үшін  Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне (Достық даңғылы 182/1, 2 каб) мына құжаттарды беру қажет:

Арыз берушінің өзгертіліп жатырған нысанына мүлік құқығын растайтын құжат көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады)  және қажет болған жағдайда нотариалды кәуаландырылған меншік иесінің (ортақ меншік иесінің) жоспарланып жатырыған өзгертулерге және оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

Өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);

Болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.

Қайта жабдықтауды жасау үшін керекті құжаттар:

Тігілген  және ПИК-пен расталған үй тұрғындарының  (тұрғындардың жалпы санынан 2/3-і) келісім хаттамасы;

Қайта жабдықтауға көршілер келісімі: 2 жанындағы, 1 жоғарыдағы

Санитарлық-эпидемиологиялық қортынды

Сату-сатып алу, сыйға беру, айырбас шарты (көшірмесін наториалды куәландыру)

Тех.паспорт-көшірме

ХҚКО-нан мүлік ауыртпалығы жөнінде анықтама (егер банкке салынған болса, банктен анықтама)

Жеке куәлік көшірмесі

Эскиздік жобас

Қажет болған жағдайда жер актісінің көшірмесі

Егер пәтерді қайта жоспарлау мен қайта жабдықтауға рұқсаттама алуды басқа адам рәсімдеп жатырса сенімхат көшірмесі қажет

Жеке жер телімінде шаруашылық қора-жайлар мен тұрғын үйді салуға рұқсатнама алу

Ол үшін Сізге Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ-сіне жолығып келесідей құжаттарды таспыру қажет:

Орал қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұжырымы (СЭС)

Жер теліміне мемлекеттік акт

Жеке куәлік көшірмесі, құқық белгілеуші құжат (нотариалды рәсімделген көшірмесі)

Болжанған құрылыс жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтың (ауыртпалық) тіркелгендігі жөнінде анықтама, техпаспорт

Тұрғын үй құрылысына рұқсат алуға арыз Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде қабылданады. Арыз 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады,  бұл қызметке мемлекттік салық алынбайды. Мекенжай:БҚО, Орал қ., Достық даңғылы 182/1, 1 қабат.

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.