Жер телімінің нысаналық бағытын өзгерту

Қызмет тұтынушыға ( немесе өкілеті уәкіліне; өкілеттілігін растайтын құжаты бар заңды тұлғаға; нотариус куәләндырған сенімхаты бар жеке тұлғаға) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемелекттік қызметін алуға керекті құжаттар тізімі:

Қызмет берушіге Орал қаласы жер қатынастары бөліміне (Достық даңғылы 182/1, тел.51-24-96), ХҚКО (Жамбыл көшесі 81/2, тел.23-68-81):

1. Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес  үлгідегі өтініш;

2. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

3. жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (кадастрлық бағалау актісі (бағалау) құнының актісі.

Қызметті онлайн алу (порталдан) 

· Мемлекеттік қызметтің стандартына сәйкес формада электронды өтініш;

· Жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (кадастрлық бағалау актісі (бағалау) құнының актісінің электрондық көшірмесі

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, әділет органдарынан жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» порталынан алады.  

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО-ның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісімін алады.

Қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні;

Қызмет беруші қызмет алушы құжаттарын тапсырғаннан бастап екі күн ішінде құжаттардың барлығы түгел екенін тексереді.
Егер берілген құжаттар түгел болмаса қызмет беруші  белгіленген уақыт ішінде  жазбаша түрде қызмет көрсетілмейтіндігі  жөнінде дәлелді хат жазады. 

Егер Өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз бізге жазыңыз
CAPTCHA image for SPAM prevention If you can't read the word, click here.