Халықтық бақылау

Құрметті қала тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді», – деп атап көрсетті. 

Қала тұрғындарының  белсенділігі мен ортақ қызығушылығы Орал қаласының дамуындағы аса маңызыды шарттарының бірі болып табылады.

Бүгінде  бірде-бір қала, тұрғындардың белсенді қатысуынсыз проблемаларды шешуге мүмкіндігі жоқ. Қаланың басты ресурсы - тұрғындар.

Сол себепті, осы  сайтта «Халықтық бақылау» бөлімі қарастырылған. Бұл жерде қаланың әрбір тұрғыны құқықбұзушылықтың фактілерін бейне немесе фотосуреттер жүктеу арқылы хабарлауына мүмкіндік бар.   Құқықбұзушыларға Заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады.  

 

 

 

Зарегистрировано: 20.12.2016
Ф.И.О.: Муканов Габит Алибекович
Место события: Жанаорда шағынауданы 2 үй.
Время события: 07.12.2016