«Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері мен ынталандыру бойынша қала басшылығымен кездесу өткізу» жобасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есеп.

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебі

«Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау»

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыты)

«Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері мен ынталандыру бойынша қала басшылығымен кездесу өткізу»

(әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы)

Бағалау өлшемшарты

Сарапшылар кеңесінің бағалауы

 

Сарапшылар кеңесінің қорытындысы

1.

Өзектілігі

5

Журналисттердің кәсіби мейрамы - «Қазақстан Республикасындағы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» қарсаңында журналисттерді марапаттау,  бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің имиджін көтеру және Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын үздік жариялап жүрген журналисттерді

ынталандыруда өзектілігі жоғары болып табылады. Яғни аталған жоба журналисттердің алға қарай ұмтылуына жаңа жоғары жетістіктерге жетуіне өз мүмкіндіктерін береді

2.

Жоспардың орындалуы

5

Жобаның техникалық ерекшелігіне және іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» қарсаңында Орал қаласы әкімінің атынан Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын үздік жариялап жүрген журналисттер марапатталып және журналисттердің қатысуымен табиғат аясында сергіту спорттық шаралары өткізіліп, кофе брейк ұйымдастырылған. Өткізілген іс-шараларға журналисттер белсенді қатысты. Нәтижесінде журналисттерді ынталандыру мақсатындағы аталған жоба өз нәтижесін берді.

3.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қорытындысы

5

Техникалық ерекшелікке сәйкес, жоспарлан барлық іс шаралар тапсырыс берушімен келісе отырып,  жасалған. Жоба аясындағы шаралар журналисттердің бір-бірімен жақын араласып, өзара тәжірибе алмасуларына, жұмыста жоғары нәтижеге жетулеріне қолдау болды. Жобаның әлеуметтік әсері жоғары болды деп айтуға болады.

4.

Әлеуметтік жоба немесе және әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы

5

Жоба аясында жоспарланған нақты нәтижеге қол жетікізілді. Жоба барысында қолданылған әрекеттер оң нәтижесін берді. Жоба аясында марапатталушы журналисттер мен шараға қатысушылардың пікіріне және

жоба бойынша қол жеткізілген нәтижелер - нәтижелік индикаторлары жұмыс сапасының жоспарға сәйкес орындалғанына байланысты, жобаны одан әрі жалғастыру мүмкіндігі жоғары болып табылады.

5.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша  ұзақ мерзімді  оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы

5

Жобаны іске асыру барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін ынталандыру шаралары өз деңгейінде өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты одан әрі күшейту мақсатында журналисттерді ынталандыру шараларының тұрақты түрде өтуі үшін ұзақ мерзімді  оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы жоғары болып табылады.

Барлығы (балдардың есебі)

25