«Орал қаласының оңды имиджін қалыптастыруға бағытталған шараларлы ұйымдастыру және өткізу» жобасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есеп.

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебі

«Ұкіметтік емес үйымдардың бастамаларын қолдау»

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыты)

«Орал қаласының оңды имиджін қалыптастыруға бағытталған шараларлы ұйымдастыру және өткізу»

(әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы)

Бағалау өлшемшарты

Сарапшылар кеңесінің бағалауы

 

Сарапшылар кеңесінің қорытындысы

1.

Өзектілігі

5

Орал қаласының оңды имиджін қалыптастыру өте өзекті мәселелердің бірі. Орал қаласы келбеті жағынан өзге облыс орталықтарына қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Себебі Орал көне архитектуралық жағынан да ескі ғимараттардың жобасы сақталған бірден-бір қала. Сондықтан қала ажарын әлі де айшықтай түсіп, түрлі бағытта қаланың оңды имиджін қалыптастыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру, қалааның танымалдығын арттыру, қала тұрғындарының қаланы дамытуына қатысуларын белсендету қажетті дүние.

 

2.

Жоспардың орындалуы

 

Жобаның техникалық ерекшелігіне сәйкес, жоба аясында жоспарланған іс-шаралар тапсырыс берушімен келісе отырып жасалып, нақты нәтижеге қол жетікізілді. Жоба бойынша қол жеткізілген нәтижелер - нәтижелік индикаторлары жұмыс сапасының жоспарға сәйкес орындалғанымен және шараның жоғары деңгейде өткендігімен айқындалады.

3.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қорытындысы

 

ü  Қаладағы маңызы бар мәселелерді шешуде тұрғындардың бастамаларына  қолдау көрсету, қаланың дамуына, өркендеуіне атсалысуға тұрғындарды кеңінен тарту, қаланың оң имиджін қалыптастыру, қаланың дамуына еңбек сіңірген мекемелер мен қызметкерлерді анықтау және оларды марапаттау, қала тұрғындарын мәдениеттілікке, қаланы дамытуға  ұмтылдыру жоба аясындағы іс-шараларда көрініс тапты. Жоба тұрғындарды Орал қаласының оңды имиджін қалыптастыру, танымалдығын арттыру, қаланы дамытуына қатысуларын белсендетуге шақырды. Себебі бұл жоба нәтижесінде қаланың гүлденуіне, тұрып жатқан жерін сүйетін қаланы әрқашан аялай білетін қала тұрғындарының көбеюіне өз септігін тигізеді және жобаның әлеуметтік әсері жоғары деңгейде болды деп айтуға болады.

4.

Әлеуметтік жоба немесе және әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы

 

Жобасын жүзеге асыру барысында тұрғындардың Орал қаласының имиджін көтеруде белсенділігі жоғары болды. Жобаның орындалу барысында тұрғындар осындай іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін білдірді. Сондықтанда Әлеуметтік жоба немесе және әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы жоғары деп айтуға болады.

 

5.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша  ұзақ мерзімді  оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы

 

Жоба аясында жоспарланған нақты нәтижеге қол жетікізілді. Жыл сайын қала күні аясындағы шарадағы марапатталушылар санының көбеюімен тұрғындардың белсенділігін ескере отырып, әлеуметтік жобаның ұзақ мерзімді  оң әлеуметтік әсерінің жоғары екендігін айтуға болады.

Барлығы (балдардың есебі)

25