«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

Бизнестің жол картасы-2020

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2016 жылы 2 222,1 млн.теңге қаржы қарастырылды, соның ішінде:

- кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 2 013,2 млн.теңге;

- кредиттерді ішінара кепілдендіруге – 190,857 млн.теңге;

- гранттық қаржыландыруға – 18,0 млн.теңге.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2010-2016 жылдарда аймақтық үйлестіру кеңесімен жалпы несие және жеткізілетін инфрақұрылым сомасы 71,9млрд. теңгеге 605жоба мақұлданып 4 062 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде:

- соммасы 44,9 млрд.теңге болатын 368 жоба, 2 373жаңа жұмыс орнын құрумен қалаға тиесілі.

2016 жылдың басынан бастап сомасы 17,1 млрд.теңгеге 101 жоба мақұлданып(оның ішінде кепілдендірумен қоса 1,2млрд.теңгеге 42 жоба), 198 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде сомасы 8,8 млрд.теңге болатын 55 жоба қалаға тиесілі(оның ішінде кепілдендірумен қоса 812,7 млрд.теңгеге 20 жоба) және 57 жаңа жұмыс орны құрылды.

Орал қаласы бойынша 2012-2016 жылдары 26 кәсіпкер сомасы  79,04 млн.теңге болатын мемлекеттік инновациялық гранттар  алды.

Соның ішінде 2016 жылы сомасы 8,7 млн.теңге болатын инновациялық грантты 5 кәсіпкер алды.