Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек

2011 жылдан бастап облыста ауылдық кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Шағын несиелендіру  2013 жылдаң бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ арқылы 4,5 жылға дейінгі мерзімге, 3 млн. теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі 6% дейін беріледі.

2014 жылы Батыс Қазақстан облысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 995,998 млн. теңге бөлінді.

Аталған бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін, Орал қаласы Ықсанов көш., 38 мекенжайы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ-на +(7112)241568, +(7112)241578 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде  келесі бағыттар бойынша іске асырылады: 

  • кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (номиналды ставкасы 14%-дан аспайтын кредиттерге субсидия бөлінеді оның   7%-дан аспайтындай мөлшерін кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді);
  • кредит бойынша ішінара кепілдік беру (50%-ға дейін);
  • өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
  • мемлекеттік гранттар инновациялар енгізуші жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне 3 млн. теңгеге дейін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі;
  • бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетілу.