Қоғамдық талқылау үшін Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің есебі

2017 жылдың қорытындысы бойынша Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету  мәселелері жөніндегі қызметтің есебі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес 746 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бекітілген болса, оның 80 қызмет түрі қалалық әкімдіктің құзыретіне жатады және 9 құрылымдық бөлімшелері, 1 селолық округ және 2 кенттер әкімдіктерімен көрсетіледі.

  • Қағаз/электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны -  42;
  • Қағаз нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 38;
  • Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік  қызметтер саны –  65;
  • Ақылы/тегін негізде – 7;
  • Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 8;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер саны – 54.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 124 373 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

  • қызметті берушілермен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 42 497;
  • «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 8 845;
  • қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 44 723;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 28 308;
  • мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 7.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңының 17 бабы 1 тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат, стандарттарды көрсетілетін қызметті алушылар еркін қол жеткізетін және онымен танысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтер көрсету орындарында орналастыру арқылы беріледі. Осыған орай, қала әкімдігінің мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін бөлімдері орналасқан ғимараттарда тиісті стандарттар мен регламенттері, өтініш толтыру үлгісі бар ақпараттық стендттер орналасқан. Сонымен қатар, мемлекттік қызмет алу тәртібі туралы ақпаратты қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан (www.uralsk.kz) алуға болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар қажеттілігіне қарай өткізілуде. Мысалы, 2017 жылдың қараша айында Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына өзгерістер енгізу жобасы қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ҚР Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовпен келісілген және Орал қаласы әкімі Н.Төреғалиевпен және м.а. М.Нұржановпен  бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында жергілікті атқарушы  органдармен 2017 жылдың 1 және 2-жартыжылдықтарына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Департамент бастамасымен 2017 жылдың 26 қазан күні Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізіліп, қала әкімдігінің бөлімдері қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, қызметалушыларға ыңғайлы жағдайлар туғызу мақсатында 2017 жылдың 5 маусымында қала әкімдігінің жанынан «Ашық әкімдік» операциялық залы ұйымдастырылды.

Қызмет алушылар тарапынан қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.

Қала әкімі аппаратының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №109 бұйрығына сәйкес қала әкімдігінің 10 құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі туралы қоғамдық пікірді айқындау бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қорытындысын жолдады. Нәтижесі бойынша қала тұрғындарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасымен қанағаттанғандығының деңгейі 80,9% құрады.

2018 жылдың 1-жартыжылдығына арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында жергілікті атқарушы  органдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, сәйкесінше жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда. Депаратамент бастамасымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі жалғасын тауып жатыр.