«КУБЛЕЙ» ЖШС ЕӨК КЕШЕНІН КӨҢ ӨҢДЕУ АЛАҢЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША АШЫҚ ЖИЫН ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ХАТТАМАСЫ

Өткізу күні: 20 маусым  2018 ж. сағ: 11.00 .

Өткізу орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Рыбцех, «Кублей» ЖШС-ның етті өңдейтін комплексі.

Қоғамдық тыңдалымдарды ұйымдастырған: Орал қаласы әкімшілігі.

 

Қоғамдық тыңдалымдар өткізу туралы ақпараттар келесідей қоғамдық хабарлар арқылы жеткізілді:

1. «Приуралье» газеті № 54, 22 мамыр 2018 ж.

2. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімшілігінің  ресми  Интернет – қорына хабарлама 20.06.2018 ж. жарияланған;

Интернет – қорының мекенжайы: http: // www. uralsk.gov.kz.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға (БҚО-ның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы) хат №812 15.06.2018 ж. және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы (Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы) хат №811 15.06.2018., Орал қаласы әкімшілігі хат №813  15.06.2018 ж. бөлімдеріне шақыртылым жіберу арқылы хабарланған.

Қатысқандар:

1. жобалаушылар, мемлекеттік органдардың өкілдері,  Рыбцех ауылының  тұрғындары – 13 адам  (тізімі қоса беріледі).

 

Қоғамдық тыңдалымның күн тәртібі:  

1. Көң өңдеу алаңын тағайындау және оның өндірістік бағдарламасы бойынша кіріс сөз.

2. « «Кублей» ЖШС ЕӨК кешенін көң өңдеу алаңын ұйымдастыру арқылы кеңейту жобасы» бойынша баяндама және жұмыс жобасы бойынша презентация.

3. « «Кублей» ЖШС ЕӨК кешенін көң өңдеу алаңын ұйымдастыру арқылы кеңейту жобасының» қоршаған ортаға әсері бойынша баяндамасы және презентация материалдары.

Күн тәртібі бірауыздан қабылданды.

        

Жұмыс тәртібі:

- Баяндаушы - 20 мин.

- Сөз сөйлеуші - 5мин.

1,5-2,0 сағат ішінде жұмысты үзіліссіз бітіру.

 

 

Жиналыстың хатшысы мен төрағасын таңдаулары:

Төраға – Калиева Г.К..       Хатшы – Баймуратова А.М.

 

Қолдау – барлығы

Қарсылық – жоқ

Бас тартқандар-жоқ

     

Сөз сөйлеушілер:

1. Қоғамдық тыңдалым шарасын кіріспе сөзбен бастаған - «Кублей» ЖШС эколог маманы Преснякова Л.А.;

2. Өндірістік бағдарлама алаңдарын тағайындау сипаттамасы - «Кублей» ЖШС ЕӨК  директор міндетін атқарушысы Нагметов Р.В;

3. « «Кублей» ЖШС ЕӨК кешенін көң өңдеу алаңын ұйымдастыру арқылы кеңейту жобасы» бойынша баяндама және жұмыс жобасы бойынша презентациясы- "ИНТЕК-ОНМР" ЖШС жобалаушы маманы Каляева Е.Г.

4. « «Кублей» ЖШС ЕӨК кешенін көң өңдеу алаңын ұйымдастыру арқылы кеңейту жобасының» қоршаған ортаға әсері бойынша баяндамасы және презентация материалдары - «ИНТЕК-ОНМР» ЖШС бас маманы – эколог Хон В.Н.

 

Қоғамдастық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескерту мәселелері:

 

Сұрақ: Сурамысов А.С. (Орал қ-ның кәсіпкерлік бөлімінің маманы): алаңды пайдалану кезіндегі шығарындылардың мөлшері және олардың адам ағзасына әсері қандай?

           

Жауап: Хон В.Н. («ИНТЕК-ОНМР» ЖШС бас маманы – эколог): Алаңды пайдалану кезіндегі ұйымдастырылмаған шығарындылардың ауаны ластауы – аммиак жылына 1,27 т және күкіртті сутек жылына 0,01 т. Бұл заттар табиғи экожүйелер бойынша органикалық заттардың ыдырауы кезінде пайда болады. ЭРА бардарламалық кешенінің (2.0 нұсқасы) бұл мөлшердегі шығарындылардың сейілу есеп көрсеткіші бойынша, аммиак пен күкіртті сутегінің шоғырлануы, атмосферада санитарлық-қорғау аймақтарының шекарасында шекті рұқсат етілген шоғырлану сипаттамаларын артық емес, және адам денсаулығына зиян емес.

 

Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

1. « «Кублей» ЖШС ЕӨК кешенін көң өңдеу алаңын ұйымдастыру арқылы кеңейту» жұмыс жобасы мен «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша ұсыныстар мен ескертулер болған жоқ.

2. Қоғамдық тыңдалымға ұсынылған « «Кублей» ЖШС ЕӨК кешенін көң өңдеу алаңын ұйымдастыру арқылы кеңейту» жұмыс жобасы мен «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі қабылданды.

Дауыстың нәтижелері:

«қолдау» - барлық қатысушылар;

«қарсылық» - жоқ;

«бас тартқандар» - жоқ.

3. Алдағы жұмыс қоғамдық пікір есебі бойынша қоғамдық тыңдауды өткізген күннен кейін 5  жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Интернет – қоры тұрғылықты ұйымына қоғамдық тыңдау хаттамасын жариялауын қамтиды. Қоғам, қоғамдық тыңдауға қатысушы, өзінің ұсыныстары мен ескертулерін қоғамдық тыңдау хаттамасы мазмұны бойынша жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде береді және қоғамдық тыңдау ұйымдастырған тұрғылықты орындаушы ұйымға жолдайды. Қоғамдық өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарастырылады.

 

Қоғамдық тыңдалымның төрағасы:                                     Калиева Г.К.

 

Қоғамдық тыңдалымның хатшысы:                                     Баймуратова А.М.  

««Кублей» ЖШС ЕӨК-нің кешенін көң өңдеу алаңын ұйымдастыру арқылы кеңейту бойынша» қоғадық тыңдалымдардың қатысушылар тізімі .

 

Т.А.Ж.

Лауазымы

1

Нагметов Р.В.

«Кублей» ЖШС ЕӨК директор міндетін атқарушысы

2

Товма А.Г.

Орал қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының бас маманы

3

Сагинаев Ж.К.

экологиялық реттеу бөлімінің бастығы

4

Сурамысов А.С.

Орал қ-ның кәсіпкерлік бөлімінің маманы

5

Калиева Г.К.

«Кублей» ЖШС заңгерлік бөлімі бастығы

6

Пирог И.А.

«Кублей» ЖШС жүйелі администратор

7

Преснякова Л.А.

«Кублей» ЖШС эколог-маманы

8

Ушанева Н.О.

«Кублей» ЖШС лабораториясының меңгерушісі

9

Баймуратова А.М.

«Кублей» ЖШС іс-жүргізушісі

10

Хон В.Н. 

«ИНТЕК-ОНМР» ЖШС бас маманы - эколог

11

Бойкова Ж.Е.

«ИНТЕК-ОНМР» жоба тобының басшысы

12

Каляева Е.Г

«ИНТЕК-ОНМР» жобалаушы маман

13

Мергалиева С.Х.

Рыбцех ауылының тұрғыны

14

Гизатова Г.К.

Рыбцех ауылының тұрғыны

15

Изтлеуова К.А.

Рыбцех ауылының тұрғыны

16

Еслямова Э.К.

Рыбцех ауылының тұрғыны

17

Ибраева А.Ш.

Рыбцех ауылының тұрғыны

 

 

Қоғамдық тыңдалымның төрағасы:                                     Калиева  Г.К.

 

Қоғамдық тыңдалымның хатшысы:                                     Баймуратова А.М.  

Скачать: Протокол


26.06.2018 17:00