Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша көпшілік тыңдаудың №7 хаттамасы

Өткен күні мен уақыты: 14 тамыз 2018 жыл, жергілікті уақытпен сағат 11.00.

Өткен орны: №42 мектептің акт залы

         Күн тәртібі: «Орал қаласы «Астана» шағынаудандағы атаусыз 3 көшеге және «Жұлдыз» шағынаудандағы атаусыз 5 көшеге атау беру туралы ұсынысқа тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы.

          Төрағалық еткен:

А.Ш.Ермекқалиев - Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қатысқандар: Орал қалалық мәслихатының хатшысы А.Ү.Әубекеров, Орал қалалық мәслихатының депутаттары С.Х.Мұхамбеталиев, М.С.Дәулетжанов Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиев, қала тұрғындары.

        Тыңдалды:

          Қ.Ж.Мұқанғалиев - Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қала тұрғындары мен депутаттарға көпшілік тыңдау «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13 бабының 2 тармағына, Орал қалалық мәслихатының регламентінің 5.3 бабының 50 тармағына және  Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер  және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауы өткізіліп отырғанын айтты.

          Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру,оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атуларының транскрипциясын нақтылаумен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес шақырылып, жүзеге асырылып отырғанын баяндап, көшелерге берілетін атаулардың тізімімен таныстырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берді. Сонымен қоса, «Астана» шағынауданының атаусыз көшелеріне билердің атын беру ұсынысы облыстық соттан түскенің атап өтті.

Көпшілік тыңдауға қатысып отырғандар «Астана» шағынаудандағы атаусыз 3 көшеге және «Жұлдыз» шағынаудандағы атаусыз 5 көшеге атау беру туралы ұсынысты мақұлдап, қолдады. 

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы КАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

          1.Орал қаласының атаусыз көшелеріне:

         1) «Астана» шағынауданының атаусыз көшелеріне Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би;

         2) «Жұлдыз» шағынауданының атаусыз көшелеріне Нұрғиса Тілендиев,

Фариза Оңғарсынова, Ермек Серкебаев, Асқар Сүлейменов және Медеу көшесі деп атау беру туралы ұсыныс мақұлдансын.

          2. Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Қ.Ж.Мұқанғалиевке: аталған мәселе қорытынды алу үшін тиісті ономастика комиссиясына ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                     А.Ш.Ермекқалиев


14.08.2018 14:22