Орал қаласы Круглоозерный кентіндегі жергілікті қауымдастық жиналысы көпшілік қоғамдық тыңдаудың № 1 хаттамасы

Өткен күні мен уақыты: 9 шілде 2018 жыл, жергілікті уақытпен сағат 12:00.

Өткен орны: Круглоозерный кенті ЖОББ мектебінің акт залы.

Күн тәртібі:

Круглоозерный кентіндегі идеологиялық жағынан ескірген көше атауларын қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеріп, шешім қабылдау туралы

Төрағалық еткен:

К.Б.Нуршинов- Круглоозерный кенті әкімі.

Қатысқандар: БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ж.Т.Ерназаров, Орал қаласының мәдениет және тілдеді дамыту бөлімінің басшысы. Қ.Ж.Мұханғалиев, Круглоозерный кенті жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелері (тізім бойынша)  және кент тұрғындары. -

Тыңдалды:

Қ.Ж.Мұханғалиев Онамастика мәселесі туралы, Круглоозерный кентіндегі идеологиялық жағынан ескірген көше атауларын қайта атау мәселесі туралы түсіндірді. Круглоозерный кентіндегі 30 көше атын өзгерту Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” №72-V Заңына, “Әкімшілік- аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылаумен өзгерту кезінде тиісті, аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы”  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес жүзеге асырылатынын баяндады.

К.Б.Нуршинов- Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімі өзгертуге ұсынылған көше аттарымен таныстырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке сипатта беріп, кеңінен түсіндірді.

Круглоозерный кенті бойынша:

Советская көшесі- Жұмабек Тәшенов көшесі;

Комсомольская көшесі- Астана көшесі;

Юбилейная көшесі- Шаған көшесі;

Строительная көшесі-құрлысшы көшесі;

Фрунзе көшесі-Құлагер көшесі;

Новая көшесі- Жаңа қоныс көшесі;

Красноармейская көшесі- Тоғайлы көшесі;

Рабочая көшесі- Еңбекші көшесі;

Ленина көшесі- Азаттық көшесі;

50 лет Октября көшесі- Бейбітшілік көшесі;

8 марта көшесі- Мереке көшесі;

Первомайская көшесі- Мамыр көшесі;

Коммунистическая көшесі- Отан көшесі;

Степная көшесі- Кең дала көшесі;

Связистов көшесі- Серпер көшесі;

Алма- атинская көшесі- Алматы көшесі;

Тупиковая көшесі- Қазанат көшесі;

Набережная көшесі- Сұлусай көшесі;

Чаганно-набережный переулок көшесі- Жағажай көшесі;

Школьная көшесі-  Мектеп көшесі;

Просторная көшесі-Ақтөр көшесі;

Круглоозерный кенті Серебрякова ауылы бойынша:

Советская көшесі-Көшім көшесі;

Набережная көшесі- Кемер көшесі;

Пролетарская көшесі- Шырайлы көшесі;

Чапаева көшесі- Жаңарқа көшесі;

Учительская көшесі- Ақмешіт көшесі;

Победа көшесі- Жеңіс көшесі;

Красноармейская көшесі-Болашақ көшесі;

Новостройка көшесі- Жаңа өмір көшесі;

Степная көшесі- Ынтымақ көшесі;

Сөз сөйлегендер:

Кент тұрғындары Б.Д.Исмагулов, С.М.Сагимбаева, А.Д.Бижанова, А.Н.Жұмағалиев, С.Айтимбетов сөз алып, көшелерге атау беруді қолдады. .  

Сұрақ қоюшы:

А.П.Осиновский- кент тұрғыны. 8 март көшесі халықаралық мерекеге орай қойылған көше болғандықтан ауыстырудың аса қажеті жоқ деп ойлаймын.

Жауап берілді. Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімі бұл көше атауы мағынасы жағынан ауыспайтынын, қазақ тіліне сәйкестендірілгенін  түсіндірді.   

А.Б.Шахаров- Круглоозерный ЖОББ мектебінің директоры- көше атауларының өзгерген жағдайда халықтың құжатайналымына байланысты кедергілер болмайма және тұрғындардан қаржылай шығындар шықпайма, сол жөнінде түсіндіріп кетсеңіз?

Жауап берілді.  Тұрғындардан қаржылай шығын болмайды, жаңа көше атаулары деректер базасына енгізіліп, құжатайналым автоматты түрде жүзеге асырылады. 

Орал қаласы Круглоозерный кентіндегі жаңадан берілетін 30 көшесін қайта атау бойынша көпшілік бірауыздан ұсынысты мақұлдады. 

2.Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиевке: аталған мәселе қорытынды алу үшін  тиісті ономастика комиссиясына ұсынылсын.

 

Жиналыс төрағасы                                               К.Н.Нуршинов


16.07.2018 18:19