Орал қаласы Зачаган кентіндегі көшелерді қайта атау мәселесі бойынша көпшілік қоғамдық тыңдаудың № 1 хаттамасы

Орал қаласы Зачаган кентіндегі көшелерді қайта атау мәселесі бойынша  көпшілік қоғамдық тыңдаудың

                                      № 1 хаттамасы

 

Өткен күні мен уақыты: 16 шілде 2018 жыл, сағат 11:00.

Өткен орны: Зачаган кенті №5 қалалық кітапхананың акт залы.

 

Күн тәртібі:

Зачаган кентіндегі идеологиялық жағынан ескірген көше атауларын қайта атау кезінде тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескеріп, шешім қабылдау туралы.

 

Төрағалық еткен:

А.Кадыров - Зачаган кенті әкімі.

 

Қатысқандар: Орал қалалық мәслихат хатшысы – А.Аубекеров, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі – Р.Зайнуллина, Зачаган кенті жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелері (тізім бойынша)  және кент тұрғындары.

 

Тындалды:

Р.Зайнуллина

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-V Заңы, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендер мен олардың құрамдас

бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, идеологиялық тұрғыдан ескірген Зачаган кентінің 38 көшесінің, 1 шағынаудан атауын өзгерту туралы сонымен қатар, 1шағынаудан, 1 саябаққа жаңа атау беруге көпшілік тындалымға саламыз.

 

Н.Мухитов - Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің орынбасары өзгертуге ұсынылған көше аттарын таныстырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке сипатта беріп, кеңінен түсіндірді.

 Сөз сөйлегендер:

К.Кубашев – Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы.

бүгін идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерге жаңа атаулар бойынша менің ұсынысым Энтузиастов көшесіне кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигельдиновтың есімін ұсынамын.

 

 

С.Темірғалиев – Жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Ұсынылған атаулардың Зеленовская көшесіне Көктерек деп атаған ыңғайлы деп ойлаймын.  

 

Р.Шайкулова - кент тұрғыны

Көшелерге берілген жаңа атуларды толықтай қолдаймын.

 

Орал қаласы Зачаган кентіндегі көшелерді қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тындалымда жергілікті қоғамдастық мүшелері бірауыздан  қабылдады.

1.Орал қаласының Зачаган кентінің 2 шағынауданға 1 саябаққа 39  көшесіне төмендегі атаулар берілсін:

 

Орал-Атырау, Орал – Саратов трассасы аралығында орналасқан шағынауданына – Жұбан Молдағалиев атындағы шағынаудан.

Ауыл ученных шағынауданына – Ғалымдар шағынауданы

Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі жаңадан салынған скверге – Алаш сквері

1-ші линейная көшесі – Қаламқас Орашева

2-ші линейная көшесі – Сағынғали Сейітов көшесі

3-ші линейная көшесі – Қайыржан Арыстанәлиев көшесі

4-ші линейная көшесі – Серікқали Шарабасов көшесі

Азербайжанская көшесі – Өзбекәлі Жәнібеков көшесі

Аксайская көшесі – Ақсай көшесі

Алгабаская көшесі – Алғабас көшесі

Береговая көшесі – Саялы көшесі

Пятимарская көшесі – Сабыр Рахимов көшесі

Энтузиастов көшесі – Талғат Бигельдинов көшесі

Бывшая воинская часть көшесі – Жуалы көшесі

Южная көшесі – Есет Әзербаев көшесі

Цветочная көшесі – Гүлзар көшесі

Владимирская көшесі – Сәкен Ғұмаров көшесі

Военный городок көшесі – Мейірім көшесі

Военный городок 2 көшесі – Лашын көшесі

Горбачева көшесі – Тұмар көшесі

Чаганная көшесі – Шапағат көшесі

Зачаганная көшесі – Балдырған көшесі

Зеленовская көшесі – Көктерек көшесі

Иппадромная көшесі – Қазығұрт көшесі

Киевская көшесі – Сағадат Нұрмағамбетов көшесі

Новокирпичная көшесі – Көкжар көшесі

Пойменная көшесі – Ақсу көшесі

Пригородная көшесі – Шамшырақ көшесі

Пробаза көшесі – Қазына көшесі

Промзона көшесі – Қайнар көшесі

Самарская көшесі – Отаралы Бүркітов көшесі

Свободная көшесі – Бостандық көшесі

Солидарности көшесі – Бірлік көшесі

Солнечная көшесі – Күншуақ көшесі

Строителей көшесі – Мұхит Айткалиев көшесі

Талдысайская көшесі – Талдысай көшесі

Темиртауская көшесі – Теміртау көшесі

Узеньская көшесі – Өзен көшесі

Широкая көшесі – Байтақ көшесі

Целинная көшесі – Әбілхан Қастеев көшесі

«Балауса» шағынауданы №7 көшесіне – Дулат Бабатайұлы көшесі

«Болашақ» шағынауданы №18 көшесіне – Сәйгүлік көшесі.

 

  2.Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі: аталған мәселе қорытынды алу үшін тиісті ономастика комиссиясына ұсынылсын.

 

 

      Жиналыс төрағасы:                                                  А.Ж.Кадыров

 

                 

 

 


19.07.2018 16:00