Орал қаласы Желаев селолық округіндегі көшелерді қайта атау мәселесі бойынша көпшілік қоғамдық тыңдаудың № 1 хаттамасы

Өткен күні мен уақыты: 20 тамыз 2018 жыл, сағат 17:00.

Өткен орны: Желаев селолық округінің мектептен тыс жұмыс орталығы акт залы.

Күн тәртібі: Орал қаласының Желаев селолық округіндегі идеологиялық жағынан ескірген көше атауларын қайта атау кезінде тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескеріп, шешім қабылдау туралы.

Төрағалық еткен: Т.К.АшигалиевОрал қаласының Желаев селолық округі әкімі.

Қатысқандар: Т.Т.Тлемисов - Орал қалалық мәслихатының депутаты, Қ.Ж.Мұханғалиев –қалалық мәдениет және тілдеді дамыту бөлімінің басшысы, Г.Ж.Әлжанова -БҚО тілдерді дамыту басқармасының, ономастика бөлімінің басшысы, Орал қаласының Желаев селолық округінің жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелері және селолық округ тұрғындары.

Тыңдалды:

Қ.Мұханғалиев - Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” №72-V Заңына, “Әкімшілік- аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай- ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылаумен өзгерту кезінде тиісті, аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы”  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына басшылыққа ала отырып, идеологиялық тұрғыдан ескірген Желаев селолық округінің 11 көшесіне жаңа атау беруді көпшілік тыңдалымға саламыз.

     Т.Ашигалиев –Желаев селолық округі бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын таныстырып олардың олардың сипаттама беріп, кеңінен түсіндіріп өтті.

      Сөз сөйлеуші: Ш.Гумарова - Көше атауларын өзгертуге еш қарсылығым жоқ, алайда Шоссейная көшесіне басқа атауды беруіңізді ұсынамын.

Сөз сөйлеуші: С.Загидуллина - көше атауларына енгізілген өзгерістерді толықтай қолдаймыз.

Сөз сөйлеуші: О.Сейтимов – окргу жастары атынан жаңа атауларды толық қолдаймын. Өзіміздің тілімізге, тарихымызға, идеологиямызға сай атаулар болғаны дұрыс.

Орал қаласы Желаев селолық округіндегі көшелерді қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тындалымда жергілікті қоғамдастық мүшелері және округ тұрғындары бірауыздан  шешім қабылдады.

1.Орал қаласының Желаев селолық округінің жаңадан берілген 11 көшесіне:

Агрегатная көшесі - Бірлік көшесі;

Трудовая көшесі – Еңбекші көшесі;

Кленовая көшесі- Көктем көшесі;

Железнодорожная көшесі - Теміржолшылар көшесі;

Озерная көшесі - Айдын көшесі;

Курганная көшесі - Қорған көшесі;

1-Вербовая көшесі - Жайық көшесі;

2-Вербовая көшесі - Медеу көшесі;

3-Вербовая көшесі - Алакөл көшесі;

4-Вербовая көшесі - Арна көшесі.

Шоссейная көшесі – Самұрық көшесі.

2. Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі: аталған мәселе қорытынды алу үшін тиісті ономастика комиссиясына ұсынсын.

Жиналыс төрағасы:Т.Ашигалиев


22.08.2018 17:19