«ОРАЛ Қ., РЫБЦЕХ, 55А АУЫЛЫ МЕКЕНЖАЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТЕРІНІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЦЕХЫ» ЖҰМЫС ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ХАТТАМАСЫ

Өткізу күні: 27 наурыз 2017 ж. сағ 11.00.

Өткізу орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Рыбцех, «Кублей» ЖШС-ның етті өңдейтін комплексі.

Қоғамдық тыңдалымдарды ұйымдастырған: Орал қаласы әкімшілігі.

Қоғамдық тыңдалымдар өткізу туралы ақпараттар келесідей қоғамдық хабарлар арқылы жеткізілді:

1. Газета «Приуралье» № 26 от 07.03.2017 года.

2. Газета «Орал өңірі» № 26 07.03.2017 жылы.

3. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімшілігінің  ресми  Интернет – қорына хабарлама 14.03.2017 ж. жарияланған;

4. Интернет – қорының мекенжайы: http: // www. uralsk.gov.kz.

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға (БҚО-ның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы) хат №391 16.03.2017 ж. және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы (Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы) хат №390 16.03.2017 ж. аймақтық бөлімдеріне шақыртылым жіберу арқылы хабарланған.

Қатысқандар:

1. Рыбцех ауылының  тұрғындары – 13 адам;

2. Еркенов С.И. – Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы;

3. Сейтбаталов А.У. – «Кублей» ЖШС сыртқы байланыс бойынша менеджері;

4. Пирог И.А. –  «Кублей» ЖШС жүйелі администратор;

5. Джакупова Л.Д. – «Кублей» ЖШС құрылғыны жинақтау бойынша инженері;

6. Нагметов Р.В. – «Кублей» ЖШС ЕӨК техникалық директоры;

7. Досмагамбетов К.М. – «Кублей» ЖШС директорының орынбасары;

8. Калиева Г.К. –  «Кублей» ЖШС заңгерлік бөлімі бастығының м.а.;

9. Преснякова Л.А.- «Кублей» ЖШС эколог;

10. Ушанева Н.О. – «Кублей» ЖШС лабораториясының меңгерушісі;

11. Уразбаева М.С. – «Техбұлақ» ЖШС директоры;

12. Есеналиева А.К.  –  «Техбұлақ» ЖШС эколог-маманы;

13. Ергалиева Г.С. –  «Техбұлақ» ЖШС эколог-маманы.

Қоғамдық тыңдалымның күн тәртібі:  

1. «Орал қ., Рыбцех, 55А ауылы мекенжайында орналасқан теріні қайта өңдеу цехы» Жұмыс жобасы бойынша презентация және баяндама;

2. «Орал қ., Рыбцех, 55А ауылы мекенжайында орналасқан теріні қайта өңдеу цехы» Жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша презентация және баяндама.

Күн тәртібі бірауыздан қабылданды.

Жұмыс тәртібі:

-          Баяндаушы - 20 мин.

-          Сөз сөйлеуші - 5мин.

1,5-2,0 сағат ішінде жұмысты үзіліссіз бітіру.

Жиналыстың хатшысы мен төрағасын таңдаулары:

Төраға – Сейтбаталов А.У.           Хатшы – Ергалиева Г.С. 

Қолдау – барлығы

Қарсылық – жоқ

Бас тартқандар-жоқ

Сөз сөйлеушілер:

1. Преснякова Л.- «Кублей» ЖШС эколог қоғамдық тыңдалымды ашты.

2. Нагметов Р.В. – «Кублей» ЖШС ЕӨК техникалық директоры - «Орал қ., Рыбцех, 55А ауылы мекенжайында орналасқан теріні қайта өңдеу цехы» Жұмыс жобасы бойынша презентация және баяндамамен таныстырды;

3. Есеналиева А.К. - «Техбұлақ» ЖШС эколог-маманы – «Орал қ., Рыбцех, 55А ауылы мекенжайында орналасқан теріні қайта өңдеу цехы» Жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша презентация және баяндамамен таныстырып өтті.

Қоғамдастық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескерту мәселелері:

Сұрақ:  Еркенов С.И. (Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы): Өндірістік ағын сулар қайда шығарылады?

Жауап: Нагметов Р.В. («Кублей» ЖШС ЕӨК техникалық директоры): Етті өңдейтін кешен территориясында теріні қайта өңдеу цехы мен сойыс цехында ағын суларды тазартуға арналған тазартқыш құрылғы орнатылған. Әрбір цехта іріктеу құрылғысы және ағындарды тазалауда есептеу деңгейі барысында  ағындардың химиялық құрамы ескерілген. Тазартқыш құрылғысы ағындарды химиялық және биологиялық тазартумен қамтылған және халықаралық стандартқа жауап беретін, қазіргі европалық құрылғымен жабдықталған.

Сұрақ: Еркенов С.И. (Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы): «Өндірістік объектілердің санитарлық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына сәйкес (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылы 20 наурыздағы № 237 бұйрығы): Санитарлық ажырауларды сақтау мақсатында Деркул өзені алқабынан, санитарлық қорғау аймағынан және сызықтан тұрғын үйлерге дейінгі аралықта күші бар санитарлық қағидалар талаптарын ескерулеріңіз керек.

Жауап: Уразбаева М.С. («Техбұлақ» ЖШС директоры): Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде сіздердің барлық ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді ескеретін боламыз.

Сұрақ: Сластин В.М. (Рыбцех ауылының тұрғыны): Құрылыс цехына орай қосымша қанша жұмыс орны болады?

Жауап: Нагметов Р.В. («Кублей» ЖШС ЕӨК техникалық директоры): Қосымша 16 жұмыс орны болады.

Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

1.  «Орал қ., Рыбцех, 55А ауылы мекенжайында орналасқан теріні қайта өңдеу цехы» Жұмыс жобасы мен «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша ұсыныстар мен ескертулер болған жоқ.

2. Қоғамдық тыңдалымға ұсынылған «Орал қ., Рыбцех, 55А ауылы мекенжайында орналасқан теріні қайта өңдеу цехы» Жұмыс жобасы мен «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі қабылданды.

Дауыстың нәтижелері:

«қолдау» - барлық қатысушылар;

«қарсылық» - жоқ;

«бас тартқандар» - жоқ.

3. Алдағы жұмыс қоғамдық пікір есебі бойынша қоғамдық тыңдауды өткізген күннен кейін 5  жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Интернет – қоры тұрғылықты ұйымына қоғамдық тыңдау хаттамасын жариялауын қамтиды. Қоғам, қоғамдық тыңдауға қатысушы, өзінің ұсыныстары мен ескертулерін қоғамдық тыңдау хаттамасы мазмұны бойынша жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде береді және қоғамдық тыңдау ұйымдастырған тұрғылықты орындаушы ұйымға жолдайды. Қоғамдық өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарастырылады.

Қоғамдық тыңдалымның төрағасы:                                                  Сейтбаталов А.У.

Қоғамдық тыңдалымның хатшысы:                                                   Ергалиева Г.С.  

Хаттаманы жүктеу


31.03.2017 19:24