Қоршаған ортаны қорғау бөлімі бойынша «БҚО, Орал қалалық 1500 орындық тергеу изоляторының құрылысы» жобасына түзетулер туралы қоғамдық тыңдау хаттамасы

Өткізілген уақыты: 2017 жыл 18 қаңтар, сағат 15-00. Өткіліген орны: Орал қаласы, Жаңгір хан көшесі 50 (№5 кітапхана филиалының оқу залы).

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырған: «ҚР ІІМ ҚАЖК БҚО бойынша ҚАЖ департаменті» ММ

Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпарат жұртшылық арқылы жеткізілді:

1. «Информбиржа»  №52 газеті (1173)  2016 жыл 29 желтоқсан  

2. Орал қаласы әкімшілігінің интернет сайтында жариялау

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелеріне (БҚО ЭД  ММ,  БҚО ТР және ТПРБ ММ) және санитарлы-эпидемиологиялық бақылау органдарына (ТҚҚ бойынша ОҚБ ММ) шақыртулар үлестіру арқылы хабарлама.

Қоғамдық тыңдауға қатысқандар:

Зашаған кенті округі әкімінің орынбасары - А.К. Бекжанов;

БҚО бойынша ҚАЖД ТҚеТ бас маманы - А. М. Кульжанов;

«БураСтрой» ЖШС директоры - С. Барабошко;

«БураСтрой» ЖШС бас инженері - А. Мякушин;

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің бөлім бастығы -  Ж. Сагинаев;

«Уральская неделя» газетінің журналисті - Л. Ахмедьяров;

Зашаған кентінің тұрғындары - 10 адам.

Күн тәртібінде:

Қоршаған ортаны қорғау бөлімі негізінде " БҚО, Орал қаласындағы 1500 орындық тергеу изоляторының " құрылысы жобасын түзету бойынша қоршаған ортаға әсерін бағалау және оларды талқылау.

Жұмыс регламенті:

-  баяндамашы  10 миниутқа дейін.

- сөз сөйлеушілер 5 минутқа дейін.

Жұмыс барысын үзіліссіз 1,0-1,5 сағат аралық уақытында аяқтау.

Жиналыс төрағасы мен хатшысын таңдау:

Төраға  – А.К.Бекжанов  Хатшы – А.М.Базаргалиева

Қолдағандар – барлығы.

Қарсылық білдіргендер  – жоқ.

Қалыс қалғандар  – жоқ.

Сөз сөйлегендер:

1.     Тыңдауды ашушы – Зашаған ауылдық округі әкімінің орынбасары

А. Бекжанов.

«БҚО, Орал қалалық 15000 орындық тергеу изоляторының құрылысы» жобасының қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізуді бағалау негізінде түзетулер туралы, баяндамашы – БҚО бойынша ҚАЖД ТҚеТ бас маманы А.Кульжанов;

Қоғамдық өкілдерінің ескертпелері, ұсыныстары мен сұрақтары:      

Сұрақ: Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қандай қауіптілік сыныбын анықтады? Ж.К. Сагинаев (БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің бөлім бастығы).

Жауап: Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі аталған объект бойынша қауіптіліктің 5 сыныбын анықтады. А.М. Кульжанов  (БҚО бойынша ҚАЖД ТҚеТ бас маманы).

Сұрақ: Кесте бойынша құрылыс нысанының аяқталу мерзімі қай мерзімге жоспарлануда? Л. Ахмедьяров  («Уральская неделя» газетінің журналисті)

Жауап: Бастапқыда құрылыс нысанының аяқталуы кестеге сәйкес 2015 жылдың желтоқсаны болып жоспарланды. А.М. Кульжанов  (БҚО бойынша ҚАЖД ТҚеТ бас маманы).

Сұрақ: Жобалау-сметалық құжаттаманы түзету үшін қандай да бір объективті себептер қажет? Л. Ахмедьяров  («Уральская неделя» газетінің журналисті)

Жауап: С. Барабошко («БураСтрой» ЖШС директоры) Құрылысты жүргізу барысында анықталған жоспар бойынша есептелмеген басқада келеңсіздіктерді жоюдан басқа,  ЖСҚ түзетуге үш негізгі фактор қажеттілігі әсер етті. Құрылысты жобалау кезеңінің созылуы мен объектінің жобалау кезеңінің аралық кезеңінде аталған объектінің құрылысына қолданылған бағаның құнына, құрылыс материалдары және техникаға, техникалық-жабдықтау материалдарына нарықтық бағада тауар құнының көптеген жоғарылау өзгерістерінің әсері болды. Аталған аумақтың белсенді құрылысын жүргізуге байланысты, техникалық шарттарында өзгерістер болды, айта кететін болса, объектіні электрмен жабдықтау, инженерлік желіге қосу және электрмен, сумен жабдықтау, кәріз т. б. бойынша техникалық өзгерістер болды. Сонымен қатар объектінінің құрылысын жүргізуде Қазақстанда жасалған құрылыс материалдары жинақталған және жаңа заманауи  үлгідегі өңдеу материалдары мен жаңа құрылыс материалдарын қолдану қажеттілігі туындады.

Сұрақ: Жобалау-сметалық құжаттаманы құрған ұйым қалай аталады? Л.Ахмедьяров  («Уральская неделя» газетінің журналисті).

Жауап: Жобалау-сметалық құжаттаманы жобалаған ұйым «АстанаЖобаҚұрылыс» ұйымы. А.М. Кульжанов  (БҚО бойынша ҚАЖД ТҚеТ бас маманы).

Сұрақ: ЖСҚ түзету енгізілгеннен кейін бастапқы бағамен қазіргі баға бойынша қандай айырмашылықтар болды? Л.Ахмедьяров  («Уральская неделя» газетінің журналисті).

Жауап: Жобанық құны және де қалай және қай мерзімді орындалуы,  РМК «Мемлекеттік сараптамасынан»  ЖСҚ жүргізілу барысының өтуіне, құрылыс жұмыстарының орындалуының мерзіміне, сонымен қатар аталған жобаны мемелекеттік бюджеттің қаржыландыруына байланысты.

Сұрақ: Қазіргі сәтте мемлекеттік сараптамадан өту бойынша белгіленген жобаның бастапқы бағасын айта аласызба? Л.Ахмедьяров  («Уральская неделя» газетінің журналисті).

Жауап: Жобаның бастапқы бағасы – 5 млрд. теңгені құрады. А.М. Кульжанов  (БҚО бойынша ҚАЖД ТҚеТ бас маманы).

Сұрақ: Қоршаған ортаға әсер ету бөлігіндегі дәнекерлеу жұмыстары кезінде, аккумуляторларды зарядтау кезінде, дезинфекция жабдықтары мен үй-жайларға байланысты, құрылыс-монтаждық қызметінен шығарылғандардың әсері туралы сөз болған кезде сарқынды су туралы айтылды, Сіз айтылған бойынша ағынды сулардың қоршаған ортаға ешқандай әсері жоқ деп болжанады, мен дұрыс түсіндімбе, бұл барлығы канализациялық ағындар ма? Л.Ахмедьяров  («Уральская неделя» газетінің журналисті).

Жауап: Жоқ, тек ұйымдастырылған сулар, айтып өтсек ұйымдастыртырылған су - бұл шатыр мен барлық аумақтан түсетін су жиналады, тұндырғыш орнату арқылы ол өңделеді, төгіледі. Бұл суды, ол барлық резервуарға техникалық қажеттіліктері үшін пайдаланылады (суару, шаруашылық қажеттіліктері), ал кәріз арқылы толықтай шаруашылық және тұрмыстық сулар аумақта тұрған бір КСС жиналады, ол КОС тікелей сорғы арқылы беріліп, одан кейін сорғымен төгіледі (кәріз тазарту ғимараты). «БураСтрой» ЖШС бас инженері - А. Мякушин;

Талқылаудың қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

1. "БҚО Орал қаласындағы 1500 орындық тергеу изоляторын" құрылысы бойынша ұсынылған Жоба бойынша материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсерді Бағалау бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

2. "БҚО Орал қаласындағы 1500 орындық тергеу изоляторын" құрылысы бойынша ұсынылған Жоба бойынша материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша қоғамдық тыңдауға сәйкес өткізілді деп есептелсін.

3. Одан әрі қоғамдық пікірдегі есебі бойынша жұмысты қоғамдық тыңдаулар Хаттамасын жергілікті атқарушы органның мерзіміне сай өткізілген күннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Интернет-ресурсына жариялауды  қамтиды. Тыңдалымға қатысқан жұртшылық өз ұсыныстары мен ескертулерін (болған жағдайда) қоғамдық тыңдаудың Хаттамасының мазмұнына сай қоғамдық тыңдаулар бойынша жарияланған күнінен күнтізбелік жеті күн ішінде оларды қоғамдық тыңдауды ұйымдастырған жергілікті атқару органдарына жібере отырып, береді. Қоғамдық өтініштер Қазақстан республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралады.

Қоғамдық тыңдау төрағасы:                                                       А.Бекжанов

Қоғамдық тыңдау хатшысы:                                               А.Базаргалиева 


19.01.2017 18:03