ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Круглоозерный кенті

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Орал қаласы

(аудан және облыс атауы)

2018-2020 жылдарға

 

Әзірлеуші: «Орал қаласының Круглоозерный

кенті әкімінің аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2018-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Круглоозерный кентін дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Круглоозерный кенті құрылған жылы -2001 жыл;

- Халық саны 6404 адам;

- Круглоозерный кенті аумағы 18 446 га;

- Орал қаласының Круглоозерный кенті жергілікті қоғамдастық жиналысы 2014 жыл 01 тамызда құрылды;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-26.

 

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Батыс Қазақстан облысы_Орал қаласының Круглоозерный кентін дамыту бағдарламасы

2018-2020 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2018 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 6404 адамды құрады.

Кент бойынша 6 - ЖШС, 20 - шаруа қожалық, 41 - жеке кәсіпкер тіркелді.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

2017 жылы «Өңірлерді Дамыту» бағдарламасы бойынша Серебряково ауылының Новостройка көшесінде жалпы құны 820 мың теңгені құрайтын ұзындығы 913,7 ш.м. жолға тегістеу жұмыстары жүргізілді, мердігер ЖК «Universal-Орал».

Круглоозерный кентінің Советская көшесінде жолды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, жобаның жалпы құны 150 млн.теңгені құрады, жолдың ұзындығы 1200м, мердігер - ЖШС «ДСК Приоритет».

Серебряков ауылындағы жалпы құны 52 млн. теңге, ұзындығы - 782 м. құрайтын ауылға кірер жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, мердігер - ЖШС «Түркістан жол сервис».

Круглоозерный кентінің Комсомольская көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары шеңберінде құрылғы тротуарлар салу жүргізілуде, мердігер - ЖШС «Айдана». Аталған жұмыстар 2018 жылы аяқталатын болады.

Круглоозерный кентінің кіру жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты болып мердігер  ЖШС «Асар Строй Сервис» белгіленді, жалпы құны 142 млн.тг, ұзындығы 2,600 км құрайды. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Жол жиектерін тегістеу және жол белгілерін салу жұмыстары 2018 жылы аяқталатын болады.

ІІІ тоқсанда Круглоозерный кенті Борисюка көшесі бойынша жалпы құны 162 335 000 теңге, көлемі  1040м құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер - «ТОБИ» ЖШС болып табылады. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2018 жылға жоспарланған.

Кенттің жергілікті қолма-қол ақша бақылау шотынан мемлекеттік сатып алудың электронды порталына хабарландыру беру арқылы Круглоозерный кенті көшелері мен Атамекен шағынауданына қою үшін 24 қоқыс жәшігі жалпы сомасы 578 400 теңгеге сатып алынды. Ағымдағы жылдың қараша айында мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру беру  арқылы 1 225 000 теңгеге 5 контейнер алаңы орнатылды.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Круглоозерный кентінің қазіргі проблемалық мәселері

-  Круглоозерный кентіне балабақша қажетілігі;

- жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздыққа қарсы күрес жүргізу;

- № 51 маршруттың жұмысын оңтайландыру;

- көшелерді жарықтандыру;

- абаттандыру және көгалдандыру;

- жаяу жүргінші жолдарының құрылысын салу;

- кент аумағының көшелерін тегістеу, шебін төсеу жұмыстарын ұйымдастыру.

- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету.

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

1.1

Круглоозерный кентінде балабақша құрылысын салу

Орал қаласы әкімдігіне ақпарат

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде

2018-2020 жыл

 

II. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

2.1

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерларды алмастыру

Орал қаласы әкімдігіне ақпарат

469 мың теңге

Жергілікті бюджет есебінен

2018 жыл

 

2.2

Контейнерларға арналған алаңдар салу

Орал қаласы әкімдігіне ақпарат

1,6 млн теңге

Жергілікті бюджет есебінен

2018 жыл

 

2.3

Круглоозерный кенті ішкі жолдарын жөндеу (тегістеу, шебін төсеу)

Орал қаласы әкімдігіне ақпарат

2018 жыл - 10,5 млн теңге

2019 жыл -5,5 млн теңге

Жергілікті бюджет есебінен

2018-2019 жыл

 

2.4

Көшелерді жарықтандыру

Орал қаласы әкімдігіне ақпарат

2018 жыл -14,6 млн теңге

2019 жыл - 15,6 млн теңге

Жергілікті бюджет есебінен

2018-2019 жыл

 

III. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

3.1

Круглоозерный кентіндегі «Jastar» саябағында балаларға арналған спорттық, ойын-сауық кешені

Орал қаласы әкімдігіне ақпарат

58 млн теңге

Қалалық бюджет есебінен

2018-2019 жыл

 

3.2

Круглоозерный кентінде орналасқан саябақты абаттандыру

Орал қаласы әкімдігіне ақпарат

8,4 млн теңге

Жергілікті бюджет есебінен

2018 жыл

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Жүктеу: 2018 МСУ хаттама.PDF(603kb)


25.09.2019 18:01