Мемлекеттік қызметкерлердің беделі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен

Мемлекеттік қызметші келесідей этикалық нормаларды басшылыққа алуға тиіс:

1. Ол билікке және өкілеттіктерге иелік ете білуі, бұның өзінде шыншыл бола білуі қажет.

2. Мемлекеттік қызметте жеке басының мүддесі үшін емес, мемлекет мүддесі үшін жұмыс істеуі қажет, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауға тиіс.

3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруге тиіс, дәлірек айтқанда оның виллаларын, олардың айналасындағы жоғары қоршауларды және қымбат шетел көліктерін бейнелейтін суреттердің туындауына негіз болмауы қажет.

4. Заң талаптарымен толыққанды келісімде өмір сүру маңызды.

5. Кез-келген лауазымда, кез-келген орында қандай жағдайда болмасын халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпайтындай жұмыс істеуі шарт.

6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдік пен сыпайылықтың үлгісі болуға тиіс, өзін адамдар арасында ұстай білуі қажет.

7. Ұжымға басшылық жасамас бұрын, ол өзі бағына білуге үйренуге тиіс, өзінің қызметкерлерінен талап ететін нәрсені орындай білуі шарт.

8. Егер мемлекет мүдделеріне залал келтіріліп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын көрген болса, дереу араласып, шаралар алуы қажет.