Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2014 жылдың 24 сәуірінде Орал қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің басшылары  және Орал қаласы кенттік, селолық округ әкімдері және мемлекеттік сатып алу қызметіне жауапты мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы  14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру тақырыбында құқықтық оқыту ұйымдастырылды.

Жиынға шақырылған Батыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу бөлімінің басшысы Ұлдай Қайроллақызы Бақаева заңға енгізілген өзгерістермен таныстырып баяндап, құқықтық оқытуға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Орал қаласы әкімі аппарты басшысы А.Қайсағалиев төрағалығымен өткен құқықтық оқытудың қорытындысы бойынша Орал қаласының кенттік, селолық округ әкімдері және Орал қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің басшыларына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру  жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.