Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібін пысықтау туралы

2014 жылдың 11 ақпанында кенттік, селолық округ әкімдеріне әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құзыреті берілуіне байланысты Орал қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында “Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібін  пысықтау туралы” құқықтық оқыту ұйымдастырылды. Жиынға шақырылған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бас маманы М.Мурзакулов құқықтық оқытуға қатысушыларға аталған мәселе бойынша түсінік беріп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібі жөнінде әдістемелік кітапшалары  таратылатындығын және шұғыл байланыс үшін abdzko@pravstat.kz сайты, 50-72-13, 8 702 6602566 телефон нөмерлері   жұмыс істейтіндігі туралы мәлім етті.