Қалада балалар-жасөспірімдер спорт мектептері бар ма? Бұл мекемелерге қанша бала барады және қандай спорт түрлерімен айналысады?

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жанында 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді: № 2 және № 4. 

Бұл мектептерде спорттық гимнастика (айналысушылар саны - 106 бала), спорттық акробатика (69 бала), шахмат (134 бала), тоғызқұмалақ (114 бала), дойбы (115 бала), дзюдо (108 бала), самбо (14 бала), грек-рим күресі (116 бала), садақ ату (35 бала), пауэрлифтинг (38 бала), гір спорты  (50 бала), қол күресі  (42 бала), ММА аралас жекпе-жек ( 42 бала) сынды спорт түрлері дамытылады.