Қаламызда қандай спорттық шаралар өткізіледі?

Орал қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 43,0 мың астам адамды қамтумен 1600 астам бұқаралық шаралар өткізіледі. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмысқа ерекше көңіл бөлініп, олардың арасында қолжетімді спорт түрлері бойынша (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жүзу, оқ ату, үстел теннисі және т.б.) спартакиадалар ұйымдастырылады. 

Қазіргі уақытта 29 спорт алаңы «Намыс» СК» МКҚК теңгерімінде тұр. Спорт клубының тәжірибелі нұсқаушылары халықтың тұрғылықты жерлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізеді. 10 алаңда жабдықтарды  (коньки, шаңғы, ролик, велосипед, бадминтон, скейтборд, доп және т.б.) жалға беру пункттері жұмыс істейді.  Қыс кезеңінде мұз айдыны құйылады.