Орал қаласында спортты дамыту және оның материалдық-техникалық жабдықтауына қандай көңіл бөлінеді?

Тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында балалардың, жасөспірімдердің және жастардың еңбекпен қамтылуын арттыру, халықаралық аренада Қазақстанды лайықты көрсете білетін жоғары дәрежелі спортшылар мен спорт резервін даярлау мәселелеріне мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Дүниежүзілік  олимпиадалардың, ірі халықаралық жарыстардың жеңіс тұғырында Қазақстан Республикасының туы көтерілгенде, спортшыларымыздың жетістіктері патриотизм және мақтаныш сезімдерін ұялатады. 

Материалдық-техникалық базаны дамыту дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі қызметтің басты бағыты болып табылады.

Бүгінгі таңда қаламызда 354 спорттық ғимарат жұмыс істейді, соның ішінде: 3 стадион, 5 спорт кешені, 4 жүзу бассейні, Мұз спорт сарайы, 76 спорт залы, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 39 ату тирі, 57 қоса салынған спорт залы, 14 теннис корты, 1 садақ ату алаңы, тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан 22 заманауи спорттық-жазықтық ғимараттар, 10 хоккей қорапшалары және т.б.

Теннис орталығы ашылды, Деркөл кентінде «Орал» дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді, Зашаған кентінде «Арман» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Осы объектілердің барлығы бұқаралық спортты дамыту объектілері болып табылады. Спорттық ғимараттар барлық қала тұрғындары үшін қолжетімді.