Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтаманы қай мекемеден ала аламыз?

2014 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 115 қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтама»   мемлекеттік қызметі  халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қала мен аудандар білім бөлімдерімен беріледі

Мемлекеттік қызмет 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 115-132 баптары, 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының    29-бабы, 2012 жылғы 30 наурыздағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

Анықтаманы алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет : 

  • қорғаншылық  тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі нің көшірмесі;
  • қамқоршының  ( қорғаншы )жеке басын куәландыратын куәлігі;
  • баланың туу туралы куәлігі;
  • тұрғылықты  жері туралы анықтама;